Үміттің отын лаулатып... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Үміттің отын лаулатып...
Салиқалы кездесу салтанатты кешке ұласты. Бұқар жырау ауданына қарасты Тоғызқұдық ауылындағы Кузнецкий орта мектебінде. Есімі әрісі ел көлеміне, берісі аймағымызға танылып қалған ақын Руслан НҰРБАЙ бастаған өнерпаз жігіттердің қатысуымен. Шараға ұйытқы болып жүрген аталған мектеп директорының ғылыми іс жөніндегі меңгерушісі Сұлтан Дәулетханұлы.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ақын Руслан Нұрбай, Тайжан Қалмағанбетов атындағы І республикалық дәстүрлі ән байқауының І орын иегері, әнші Бекжан Әкей және күміскөмей әнші Мұрат Қоңыров үшеуі оқушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, өнерлеріне тәнті етті десе болғандай.  
Игі шараның тізгінін ұстаған Сұлтан әріптесіміз дарынымен дараланған әр өнер иесінің өмірдегі, өнердегі жетістіктерін оқушыларға бейнематериалдар арқылы таныстыра отырып, оқушылар мен қонақтардың арасында өрелі әңгіменің өріс алуына жол салып отырды. Оқушылар тарапынан қойылған әр сұраққа ағалары тұщымды жауап беріп, оқу, білімнің маңызды екенінен мысалдар келтіріп, бүгінгі таңда жақсы маман иелері болып шығуларына тілектестіктерін білдірді. Ақындар кезектесе өлең оқыса, әншілер кештің шырайын әнмен кіргізді.
Ағаларының алдында мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген жас өрендер де өнерлерін паш етті. 11 сынып оқушысы Жанбота Ахан кеш шымылдығын әнмен ашса, 10 сынып оқушысы Еркежан Амантай Руслан ағасының «Қарқаралы» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Ал, 8 сынып оқушысы Сейітхан Асылхан Бұқар жырау бабасына арнап жазған өлеңін оқып, жиналғандардың қошеметіне бөленді.
Кеш соңында ақындар сыйға ала келген кітаптарын оқушыларға және мектеп кітапханасына тарту етті.  Ағаларынан қолтаңба алып, суретке түскен оқушылардың жанарларында ерекше бір үміттің оты алаулағанынан келешекке деген сенімді аңғаруға болады.
Н.НҰРТАЗИНА,
Кузнецкий орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 118
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px