Нәзік жандар – назарда - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Нәзік жандар – назарда
Абай ауданының әкімі Серік ШАЙДАРОВ жылдағы дәстүрмен қоғамның  нәзік жанды мүшелерін төл мерекелеріне орай, қуанышқа бөледі. Алдымен, еселі еңбегімен ерекшеленген аналар мен аруларға дастарқан жайып, сый-сияпат үлестірді. Ізінше, аудандық мәдениет үйінде барлық әйелдер қауымына арналған салтанатты кеш өтті.
Салтанатты жиында отбасының ұйытқысына, қоғамның тірегіне айналған асыл жандарды ақжарыла құттықтаған аудан басшысы «Алтын алқа» иегерлері атанған аналарға 100 мың теңгенің сертификаттарын табыстады. Сонымен қатар, түрлі салада еңбек ететін бір шоғыр озат қыз-келіншекке лайықты марапат – Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен аудан әкімінің Құрмет грамоталарын тапсырды.
Мерекелік кеште мәдениет үйінің әншілері мен бишілері өз өнерлерін ортаға салып, әйел-аналар қауымына арнаған өлеңдерін тарту етті. Ал, «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері әуезді ән мен әсем билерімен мерекенің көркін аша түсті. Көрерменді оркестрдің сүйемелдеуімен тамылжыта орындалған әндер де еріксіз тамсандырды.
Гүлнұр ӘБЕУОВА.
АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 331
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px