Наурыз айы туғанда... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Наурыз айы туғанда...

Жұлдыз  ТОЙБЕК,
  «Орталық Қазақстан»

«Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды орталығында Наурыз тойы аталып өтті. Наурыз мерекесі Дүниежүзілік метрология күнімен қатар келіп отыр. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға қала, аудандардағы аталмыш мемлекеттік кәсіпорынға қарасты қызметкерлер де арнайы қатысты. Осы кәсіпорынның бұрынғы директоры Нұрлан Шахарбаев әріптестерін құттықтап, сый-сыяпат жасады. Ұлттық тағам түрлері қойылған дастарқан басында «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Роман Андрианов ұжымды және келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, отбасына береке, еңбегіне табыс тіледі.  Наурыздың 23 күні –  метрология күні. Осы мерекемен де ұжым мүшелерін құттықтап, оншақты адамды  «Алғыс хат» және «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Еңбекте үздік шыққан тоғыз адамды «Құрмет тақтасына» ұсынды. Саз мектебінің домбырашы, қобызшы қыз балалары маңайды қобыздың сарыны мен күміс  күйдің күмбіріне толтырды. Көптің қошеметіне бөленді.
Түрлі ұлт өкілдері татулықпен еңбек ететін ұжымның қызметкерлері жүрегінен шыққан ақжарма тілектерін айтып, мәре-сәре болысты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 207
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px