Үндестік дәнекері - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Үндестік  дәнекері
Өткен аптада Қарағанды қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес жұмысына ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алқалы жиынға қатысушылар қатарында, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Роман КИМ және Шакир ХАХАЗОВ болды.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Кеңес отырысы барысында біршама маңызды мәселелер, оның ішінде, «Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-мәдени бірлестіктердің жалпы мем­лекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы бағдар­ла­масы» облыстық іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар, Аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық тобы және облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің жоспарланған қоғамдық сипаттағы іс-шаралары қарастырылды.
Отырыстың ашылу сәтіндегі өзінің кіріспе сөзінде облыстық ҚХА Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын атқарылған жұмыстар мен олардың тиімді нәтижелеріне сындарлы шолу жасап, межелі шаралардың қоғам дамуына тигізер жағымды әсері туралы сөз қозғады. Ол жыл басынан бері облыс аумағында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылғанын атап өтті.
Маңызды жиын барысында Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын және қазақстандық сәйкестілік пен бірлікті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері мен оның жұмысына қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміт­керлердің әңгімелеріне де қызыға құлақ түрді. Олар Қарағанды облысындағы этносаралық тұрақ­тылықтың мызғымас беріктігін және жергілікті атқарушы органдардың облыстық Ассамблея мен этно-мәдени бірлестіктерді қолдауға қатысты айтарлықтай жоғары деңгейлі жұмыстарды жүргізіп отыр­ғанын тілге тиек етті. Заң шығару­шы жоғары органның депутат­тығына үміткерлер Қарағандыдағы Достық үйі келісім мен бейбітшіліктің, азаматтық бастамалардың көпсалалы орталығы болып қалыптасарына сенім білдірді.
Кеңес отырысының қорытын­дысында этно-мәдени бірлестіктер мен облыстық Ассамблеяның басқа да құрылымдарының жұмысын жетілдіре түсуге қатысты нақты ұсыныстар берілді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 219
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px