Өнер көгіндегі өрендер - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016


Жыл сайын ұйымдастырылатын
XII Дельфий ойындарының қорытындысы осы аптада Банк колледжінде өтті. Дельфий ойындарының мақсаты – дарынды жастарға қолдау көрсету арқылы халқымыздың және өзге ұлттардың ұлттық өнерін насихаттау.

«Қазақстанның  болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі мен қалалық әкімдіктің мұрындық болуымен өткен шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Өнер сайысына оқушысы, студенті бар барлығы 73 адам қатысты. Олар қылқобыз, қобыз, домбыра, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, би, фотография, театр өнері, қысқаметражды кино, тележурналистика және басқа да ұзын саны 16 аталым бойынша өнер көрсетті.   Академиялық ән, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, халық биі, қазіргі заман биі, домбыра аталымдарында іріктеу Банк колледжінде өткізілді. Халық әндері, дәстүрлі әндер шырқалып, күй төгілді. Жанды дауыспен орындалған әндер көрерменнің көңілінен шықты. Ал, қобыз, қылқобыз аталымдарында қатысқан өнерпаздардың тыңдалымы қаладағы арнайы мамандандырылған мектеп-интернатында, фотография, қысқаметражды кино, бейнероликтер, киім дизайны сияқты аталым бойынша қатысушылар №2 Өнер мектебіне жиналды.
Өнер додасының жүйрігін анықтайтын қазылар алқасына кәсіби білімі мен терең тәжірибесі бар музыкалық мектеп-интернатының және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұстаздары шақырылды.
Гала-концерттен кейін байқаудың жеңімпаздары жарияланды. Мұнда әр аталым бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталды. Жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жүлделі орыннан көрінген жүйріктер Дельфий ойындарының облыстық кезеңінде бақтарын сынайтын болады.
Аяулым ҮСЕНОВА,
ҚарМУ-дың ІІ курс студенті.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 425
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px