Оқырманның олжасы
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әріптесіміз Төрехан
МАЙБАСТЫҢ жаңа кітабы жарық көрді. Автор төл туындысына «Аңсар» деп айдар тағыпты.
Қаламгер ағайымызды көзі қырағы оқырманға таныстырып жату артық болар. Төкеңе қазақтың Оралхан Бөкейі баға берген. Сонау жетпісінші жылдардың басында. «Керат» жарық көргенде...
Жазушы ұлттық психологияға ерекше мән береді. Сол арқылы кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашады. Өмірден алынған кейіпкерлерінің.
Ел Төрехан Майбастың, әсіресе, этнографиялық әңгімелерін сүйіп оқиды.
Ендеше, мархабат. «Аңсарға» зер салыңыз. Мұнда жазушы қаламынан туған хикаяттармен қатар, этнографиялық әңгімелер де топтастырылған.
Кітап мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрді.

