«О.Жазғыш» - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

«Қостанай таңы» газетінде қызмет атқарып жүрген Жұмағали газеттің ертеңгі күнге шығып бара жатқан санына кезекші редактор болады. Корректор қыз алдына әкеліп берген беттерді қарап отырса, үш материалдың астында «О.Жақсанов» деген сөз тұрады. Мұның бәрі танымал журналист, Жұмағалидың құрдасы – Оразалы Жақсановтың жазған дүниелері екен. Қолына қаламын алған Жұмекең бір мақаланың аяғындағы «О.Жақанов» деген сөзді өз орнында қалдырады да, екіншісінің астына – «О.Отынбайұлы» деп Ораздың әкесінің атын жазады. Ал, үшінші мақаланың аяғына не жазатынын білмей отырады да «О.Жазғыш» деген сөзді қондыра салыпты.

Ертеңгі күні басылым бетінде пайда болған жаңа авторды көрген журналистердің жүзіне күлкі үйірілген екен.

 

Гүлнәр ЗҰЛҚАРНАЙҚЫЗЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 709
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px