Қолөнер – ұлттық құндылық - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қолөнер – ұлттық құндылық
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Тәуелсіздік жылдары қазақ елі толағай табыстарға қол жеткізді. Өткеніміз жанданып, өшкеніміз жанды. Ата-баба заманынан жасасып, ғасырлар қатпарында мән-маңызын жоғалтпаған әдет-ғұрпымыз ортамызға қайта оралды. Осындай ұлттық құндылықтарымыздың арасында қолөнеріміздің салмағы зор.

Қарқаралы қаласының қақ ортасындағы «Ләззат» атты шағын дүкенде қолөнер бұйымдары жасалады. Арнайы ою-өрнек салатын машина арқылы көрпе-жастыққа ою басып, түскиіз, ұлттық киімдер, қоржындар мен тағы да басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды ұлттық нақышта безендіріп отырған дүкеннің иесі Айнұр Керімханның жасап жатқан жұмыстары көздің жауын алады. Шағындау бір бөлмені төл туындыларымызбен безендіріп тастаған. Сондай-ақ, отбасылық хоббиге айналған әшекей тастар арқылы тоқылған түрлі кәдесыйлар да баршылық.
Алайда, халықтың сұранысы аз. Бұл күндері Айнұр, тек, арнайы тапсырыс арқылы қыздың жасау жүгін дайындап беруде. Әрине, мұның өзі – халықтың біртіндеп төл өнерімізге бет бұрғандығының белгісі. Өз ісінің шеберіне айналған Айнұр ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесін қосудан тартынбақ емес.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 197
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px