ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ораза Айт мейрамы – қасиетті Рамазан айы­мен қоштасар сәтке келіп жеткеніміздің белгісі іспеттес. Рамазан – он екі айдың сұлтаны болған, берекелі де кешірімі мол ай. Рамазан айынан соң, салтанатты Айт мерекесі бас­талады. Айт сөзі – «шаттыққа толы күн», «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Алла елшісі Пайғамбарымыз хадисінде «Айт мерекесін тойлаған адамға Алла Тағала күні бойы жұмыс істеп болып, сол еңбектің жемісін жегендей ырыс береді» деп айтып кеткен. Абдуллаһ ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен мына бір хадисте: «Мүмин пенделер Рамазан айының ораза­сын толық ұстап, Айт күні намазға бет алғанда, Алла Тағала періштелерге: «Ей, періштелерім! Мұсылмандар бейнет атқарса, сауабын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыздарын ашты, енді қуанышқа кенелсін. Мен оларды қалағанымша сыйлыққа бөлемекпін.Сендер куә болыңдар, оларды мәғфират еттім» дейді»  делінген.
Айт мерекесі – мұсыл­мандардың негізгі мейрам­дарының бірі. Айт – дүние мен ақыретке тән әсемдіктің бір-бірімен етене араласып, адамдардың Рамазан бойы әр түрлі ғибадаттар арқылы бейне бір періштеге айналып, сол бір рухы саф жандар арасында сайрандап, айнала иләһи сұлулық пен әсемдікке оранып жүретін кез. Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Айт күнін намаз оқумен бастаймыз» деген. Бұл күні әрбір мұсылман ғұсыл дәрет алып, таң ра­уандап атқанда, жамағатпен бірге айт намазын оқуға асығады. Сондай-ақ, мерекеде көңілді жүріп, қуанышын басқа бауырларымен бөліскен жөн. Айт күні барша мұсылман бір-бірінің үйіне барып, зиярат етеді. Араздық пен өкпені ұмытып, ұрысып қалған жандар татуласатын берекелі мереке. Әсіресе, ата-анамыз бен туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жарандарымызға барып, татулық пен бірліктен шашу шашатын кез. Ұлттық діни тәрбиемізді қалыптастыру мақсатында Айт күні балаларға сыйлықтар таратып, Айт мерекесінің маңызын арттыруымыз абзал. Бұл – өсіп келе жатқан жас буын жет­кіншектеріміздің Айт мейрамын кішкентайынан асыға күтуіне себеп болатын кішкентай амалдардың бірі.
Құрметті ағайын! Рамазан айында жасаған құ­л­шылықтарыңыз бен игі іс­теріңіз сауаптан болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы болып, бейбітшілік пен тыныш­тық мәңгі орнасын.
Айт намазы 5 шілде күні таңертеңгі сағат 6.30-да мешіттерде оқылады. Алланың разылығына же­телейтін жақсы амалдарды бірге орындап, еліміз бен жеріміздің амандығын, халқымыздың тыныштығы мен рухани тұтастығын, дініміздің қуаттылығын тілеп, Жаратқанға бірге мінәжәт етейік! Алла Тағала  әрбір шаңыраққа амандық, шаттық нұрын төгіп, келесі қасиетті Рамазан айына береке-бірлікте қауышуымызды нәсіп етсін! Әмин!
Қасиетті Рамазан Айт ме­рекесі құтты болсын! Айт қабыл болсын!

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА,
ҚМДБ-ның Қарағанды
облысы бойынша
өкіл имамы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 788
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px