Қос шаңырақта – қос шаттық - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қос шаңырақта – қос шаттық
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
8 наурыз күні Шахтинск шаһарында екі сәби дүниеге келді. Қос шаңырақтың қуанышын қала әкімі Сержан АЙМАҚОВ бөлісті.
Қалалық перзентханаға арнайы бас сұққан Сержан Аймақов өз құттықтауын жеткізіп, жас аналар мен мереке күні туған нәрестелерге бағалы сый ұсынды.
– Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Сәбилеріңіз аман-есен ержетсін, –  деді С.Аймақов.
Бұл күні Зиягүл Дәрібекова қыз баланы өмірге әкелсе, Елена Гущина ұлды болды. Олар қала басшысына алғыстарын жеткізіп, тосын сыйы үшін ризашылық білдірді.
Жалпы, жыл басынан бері Шахтинск шаһарында 158 нәресте дүние есігін ашыпты.  
ШАХТИНСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 303
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px