«Отан – отбасынан» - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Отан – отбасынан»
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»
«Отан – отбасынан басталады». Мектеп жасынан санамызға сіңген осы бір мақал күні бүгінге дейін маңызды һәм болашақта да мәнін жоймақ емес. Өйткені, іргелі отбасы мемлекеттің тірек-күші, жүрек тұсы екені – бесенеден белгілі бұлжымас қағида. Осы орайда, жыл сайын республика көлемінде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауы – қазақстандық отбасы имиджін қалыптастырудың бірден-бір негізі. Өткен аптаның соңында Кеншілер мәдениет сарайында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Жалпыұлттық байқауға облыс бойынша іріктеу жазғытұры басталған екен. Атап айтқанда, мамыр айының 16-нан бері өңірдің түкпір-түкпірінен 300 отбасы өтініш білдіріп, сайысқа түскен. Олардың арасында мұғалімдер, металлургтер, шахтерлер, спортшылар, дәрігерлер мен полицейлер әулеті бар. Сонымен қатар, биылғы байқауға 10 түрлі этнос өкілдері қатысыпты. Үш кезең бойынша үздік шыққан 5 отбасы Кеншілер мәдениет сарайында өткен салтанатты шара барсында марапатталып, құрмет көрсетілді. Олардың қатарында жүлделі ІІІ орын иеленген Жаяубаевтар мен Қапаровтар, ІІ орыннан көрінген Сыздықовтар мен І орынды қанжығалаған Раковтар отбасы бар.   
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев байқауға қатысқан барлық отбасыларға құттықтау сәлемін жеткізіп, бас жүлде иегерлерін жариялады. Сонымен, жалпыұлттық байқаудың жеңімпазы болып жезқазғандық Мейрамовтар отбасы танылды. Жезқазған қаласының тумалары, металлургтер әулеті – Оразалы мен Есенкүл Мейрамовтар шаңырақ құрғалы жарты ғасырдан асыпты. Отбасы мүшелеріне шаққанда тау-кен саласындағы еңбек өтілі – 447 жыл. 9 бала тәрбиелеп, қызын қияға, ұлын ұяға қондырған шаңырақ иелері қазір 22 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Аймақтық байқауда үздік танылған отбасына өңірдегі «Жартас» демалыс орнына жолдама табысталды. Металлург мамандығын ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастырып келе жатқан үлгілі шаңырақ алдағы уақытта «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысып, Қарағандының намысын қор­ғайтын болады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 785
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px