Отанымның төрінде... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Отанымның  төрінде...
Аяулым СОВЕТ,
 «Орталық Қазақстан»


– Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
– Әрине, «Бәйтерек», «Ақ Орда», «Ханшатыр», «Думан», «Нұр Астана» мешіті.  
«Жасай бер, жайна – Астанам!» атты жазғы демалыс лагері оқушылары арасында облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен байқау көптің көңілінен шықты. Қала мектептерінің оқушылары ата-аналарымен бірлесе Астана күніне арналған шараны тамашалады.
Мұражай алаңы отандық суретші­лердің туындыларымен «Менің Қазақс­таным» көрмесімен безендірілді. Мекеме мамандары  балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беріп, жас қала жөніндегі деректермен білімін, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттырды. Елорданы мақтан тұта білуге тәрбиелей отырып, елжанды азамат болып өсуге шақырды.
Оқушылар қызыға тамашалаған Астананың көрікті жерлері бейнеленген «Менің Қазақстаным», «Астанаға саяхат» бейнекөрсетілімдері  сезімнен туған өлең сайысына ұласты. Әрбір қатысушы Астанаға сыйлық ретінде естелік сурет салып, шаһардың айшық­ты жерлерін картаға жабыстырды.
Айта кеткен жөн, шара барысында қала мектептерінен жиналған оқушылар Астана тарихы туралы мол мәліметтен хабардар екенін бірден байқатты. Соңғы сайыста олар – Астана рәмізі «Бәйтеректің» биіктігі Елорданың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты 97 метр екенін,  Қазақстанның схемалық картасы іспетті саябақтың «Атамекен» аталатынын, сондай–ақ, «Думан» кешені теңіз суымен толтырылған 13 үлкен аквариумды қамтитыны секілді сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, шағын сыйлықтарға ие болды.
Оқушылардың айтуынша, рухани әрі терең мағынасы жағынан  қазақ халқына барынша жақын «Бәйтерек» – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетсе,  «Думан» ойын-сауық орта­лығы ішінде акула, сегізаяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзетін әлемдік елдермен теңесетін мұхиттық аквариум.
Сондай-ақ, бүгінгі Елорда – Ұлттық мұражай, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайымен ерекшеленеді. Есілдің жағасына жайғасқан сәулеттік ландшафттар болашақта Астананың мәдени қалаға айналуына тікелей дәнекер.
Жалпы, облыстық мұражай ұжымы­ның Астана күніне тартуы – көрнекті суретшілердің туындысымен шектелмей, танымдық тұрғыда белсенді етті. Бүлдіршіндер ару Астананың бар қазақтың алтын бесігіне айналып, әлем көз тіккен сәулетті қала боларына нық сенімді. Қарағандыдан Астанаға тікелей саяхат жасағандай әсерде тарқасты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 775
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px