Отбасылық сайыстан – оң әсермен - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Отбасылық сайыстан – оң әсермен
Тұғырлы Тәуелсіздік аялаған ғұмырлы салт-дәстүрлерімізбен қайта  қауышқалы  мектебіміздегі тәрбиелік шаралардың мазмұны этно-мәдениет тұрғысынан барынша толықты десек артық айтқандық емес. Осы орайда, мектебімізде «Салт-дәстүр – асыл  қазына» атты отбасылық сайысы өтті.    

Қаражал  қаласындағы №1 ЖББОМ 2 «а» сынып оқушылары ата-аналарымен бірігіп, сынға түскен бұл сайыс тұтас отбасы болып өнер жарыстыруымен ерекшеленді. Сайыс барысында Айым Мамық пен анасы Аягүл Төлегенова тамылжыта ән шырқап, қазақтың қара өлеңін мәнерлеп оқуда дараланып, анасының қолөнері – сумоншақпен жұмысты көпшілік алдында көрсетті.
Әсем Нұрлан мен анасы Айзада Қадырова өздерін өлең шумақтарымен  таныстырып, жыр-терме орындаудағы ерекшеліктерімен көзге түсіп, анасы Айзада қолөнер бөлімінде иткөйлек тігіп, оның шығу тарихы мен маңызын көрермендермен бөлісті. Мәдина Оралбекова өзге топтан биімен биік шықса, анасы  Анар Жахинова өздерін домбыраның сүйемелдеуімен әндете таныстырып, көрерменге құрақ көрпе жасап ұсынды. «Үй тапсырмасы» аталымында молшылық пен берекенің нышаны – наурыз көже дайындап, оқушылар  мен    көрермендерге дәм таттырды.
Сайыс қорытындысында мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Ләззат  Әкімбаева оқушылардың өнерін ұштап, дүниетанымын кеңейтуге септігін тигізетін шараның тиімділігін атап көрсетті. Тәрбие ісінің меңгерушісі Баршагүл Тоқтыбаева шараға белсене қатысқан ата-аналарға алғыс айтып,  түрлі аталым бойынша сайыс жеңімпаздарын марапаттады.  
Байқаудың басты жетістігі – оқушылар ұлттық тәрбиеден барынша сусындап, ерекше әсерге бөленді.    

Әсем  ДОСМАҒАНБЕТОВА,
№1 ЖББОМ мұғалімі.

ҚАРАЖАЛ  қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 98
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px