Пьеса өзегі – тарих тәлімі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Пьеса өзегі – тарих тәлімі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Халықтар достығы орденді К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры талғамы терең өнерсүйер қауымның назарына танымал журналист-қаламгер, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Владимир РЫЖКОВТЫҢ тың туындысы – «Қайда?» Қарағандыда! («Где? В Караганде») спектаклін ұсынбақшы.

Біздің әрқайсымыздың күнделікті тыныс-тіршілігіміз – аймақ өмірінің ажырағысыз бөлшегі. Ал, үнемі беймаза күй кешетін журналист ағайындар – қашанда оқиғалар ортасында. Сол себепті, жаңа қойылымдағы көптеген жайттар оқиғалардың негізгі тіні өрбитін өткен ғасырдың 70-жылдарының бейнесін ғана қамтымайды...
Спектакльдің бас кейіпкері, кенді қалаға бірнеше күнге іссапармен келген астаналық журналист Андрей Байжанов болмашы ғана уақыт аралығында алуан түрлі «бояуы» қалың жайттарды басынан кешіреді... Бір көргеннен ғашық болу, сол кезеңге тән күрделі қарым-қатынас, Қарағанды облысының сын мен сынаққа толы талайлы тағдыры – бәрі-бәрі кейіпкердің көз алдынан өтеді.
Ең бастысы, өткен шақтың ғажайып әрі мөлдір әйнегі арқылы жас журналист бүгінгі күннің келбетін де айна-қатесіз көреді.
Спектакльдің қоюшы-режиссері – Андрей Кизилов, қоюшы-суретшісі – Игорь Баграмов.
Өтетін күні – 8 сәуір,
басталуы – сағат 18.30-да.  

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 258
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px