Президент металлургия комбинатын қалай құтқарды? - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Президент  металлургия  комбинатын  қалай құтқарды?
«Мемлекет басшысы» атты деректі фильмде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қиын кезде Қарағанды металлургия комбинатын құтқару үшін қалай инвестор іздегенін айтып берді деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Мұнай, металлургия, мыс, алтын шығаратын зауыттардың жұмыс істеуі маңызды. Бірақ, бізде керісінше, олар жұмыс істеген жоқ. Кеңес Одағы ыдыраған соң, нарық жабылды да, өнімді  сататын жер табылмады. Не істеу керек? Ақша құйып, зауыттың жұмысын бастайтын менеджер керек болды. Бұл тек жекешелендіру арқылы ғана мүмкін болатын еді. Сол кезде мен біздің экономиканы ең жедел түрде жекешелендірген шығармын. Трансұлттық компаниялар келді. Маған тіпті «Қазақстанды неге шетелдіктерге сатып жатырсың?» деген болатын. Кімге сатып жатыр екенмін? Мен бүкіл жерге барып, дәлелдеумен болдым», – дейді Президент. Мысал ретінде Елбасы Қарағанды металлургия комбинатының жоқ болып кете жаздағанын айтады. Сол кезде жұмысшылармен кездескен Елбасы бес жыл ішінде үндістандық Лакшми Миттал мен оның компаниясы 1,1 млрд. доллар инвестиция құятынын айтқан екен.
«Комбинат әбден қарызға батқан еді. Жұмысшылардың бәріне қарыз болды. Темірді балқыту үшін көмір сатып алатын ақшасы болмады. Сол кезде инвестор келді, бірақ, табысы ноль кәсіпорын тегін кетуі керек еді. Бірақ, біз инвесторға бір талапты орындаса ғана комбинатты сатамыз дедік. Яғни, ол зауыттың барлық қарызын жауып беруі тиіс болды. Ал зауыттың қарызы аз емес еді, 400 млн. доллар.  Ол кезде бұл ақылға қонбайтын көп ақша еді. Инвестор келіп, зауытқа ақша салып, шикізат сатып алды да, металл шығара бастады. Халық қайтадан жұмысқа орналасты. Мемлекет қазынасына салық төленді. Бәрі риза болды. Осы оқиғаның алдында ғана Теміртауға барғанымда халық шайын қайнату үшін көпқабатты үйдің ауласына от жағып отырған. Не су, не жылу болмаған. Келесі жолы барғанымда төбем көкке жетті, халық жұмыс істеп, қаланың жағдайы жақсарған», – деп әңімелеп берді Президент. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігінің тілшісі мәлімдейді.
Өз тілшімізден.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 773
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px