Сахнада – жас үміттер - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сахнада – жас үміттер
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы мектеп оқушылары арасында «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті.
Оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ әдебиетіне, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырудағы «КАТЕV» Халықаралық коғамдық қоры бастамасымен облыстық білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Жезқазған қаласы №3 қазақ-түрік лицей-интернатының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды. Бұл ретте «Жас ғалымдар», «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша оза шапқан 56 жеңімпаз бақ сынады. Байқаудың «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар» бағыты Жезқазған қаласындағы С.Қо­жамқұлов атындағы драма театрда жалғасты. Қатысушылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, театр артисі Әбілқасым Шоманұлы, аймақтық «Сарыарқа» газеті бас редакторының орынбасары Сара Смағұл, Жезқазған өнер мектебінің вокал бойынша оқытушысы Салтанат Шайзадаева, Жезқазған саз колледжінің вокал бойынша оқытушысы Сарыбай Қаныбетов, Жезқазған қазақ-түрік лицейінің директоры Нұрғазы Утебаев бағалады.  Білім бәйгесінің қорытындысы бойынша олимпиадада жүлделі І орынды иеленген оқушылар Алматы қаласында өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алып, аймақ намысын қорғайтын болды.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 211
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px