Салауат айтайық - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Салауат айтайық
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»
Салауат – дұға, тілек дегенді білдіреді. Араб тілінде намазды да салауат деп айтады. Өйткені, намаз ең үлкен дұға. Құран әмірі бойынша мұсылманға өмірінде бір рет болса да салауат айту міндет. Сондай-ақ, күнделікті айтып жүру мұстахап.
Құран Кәрімде: «Расында, Алла Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер» деп әмір етілген.  
Салауат саудасы болады дегенді кім естіген?! Шынында да «Салауат саудасы» Қарағанды халқы үшін таңсық нәрсе.
Оны Қарағанды облыстық орталық мешіті ұйымдастырды. Игі бастаманы қолдаушылар қарасы көп болды. Мешіт ұжымы мен кәсіпкер жандар Мәуліт кешіне келушілер үшін мәдениет сарайының кіре берісіне Пайғамбарымызға арналған салауат үлгілерін жазып, тәтті дәмдер қойды. Мәселенің барлығы осы тәттілерде еді. Әрине, тәттілер тегін таратылмады. Әр қайсының белгіленген бағасы болды. Тағамдардың ақысы ақшамен емес, салауаттың санымен өлшенеді. Ең көп салауат 30-бен шектелді. Ұнатқан тәттіні алу үшін белгіленген салауат санына қарай сонша салауат оқу керек.
«Мен айтамын» деушілер жетіп артылды. Көз жасына ерік берген балақандар да болды. Кеш соңына дейін тәтті дәмдерден де ештеңе қалмады. Соңында айтылған салауаттар тегіс саналды. Барлығы 5000 салауат айтылған екен.
Игі бастама, әрине, жалғасын табады. Үмбетім деп өткен адамзаттың асылы Алла Елшісіне қанша салауат айтсақта артық емес. Мешіт ұжымы әр жұма сайын Қарағанды облыстық орталық мешітінде бұл игі бастаманы жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мұндағы мақсат, бір жағынан, халықты салауат айтып, сауапқа кенелту болса, екінші жағынан ішер асқа ақшасы жоқ, бірақ, жүрегі иманға толы жан болса, Пайғамбарымызға салауаттар айтқызып, тәтті дәмдерге қол жеткізу.
Ең соңында айтарымыз Салауат сауабына кенелгісі келетін жандар болса жұма күні салауат бұрышына өзінің тәттісін әкеліп, бағасы ретінде салауат санын жазып кетулеріне болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 246
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px