Тәуелсіздіктің ұлы рухы - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Тәуелсіздіктің ұлы рухы
Қарағанды қаласының білім бөлімі мен облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша жақында мектебімізде «Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференциядағы өзінің кіріспе сөзінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Нұрфазылова қатысушылар назарына Ел­басының «Тәуелсіздік тол­ғауын» ұсынды. «Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұл­дыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады... Тәу­ел­сіздік – жалпыға ортақ. Бұл – ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміз­дің ұлттық бай­лығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буын өкілдерінің жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қа­зақстандықтардың еңбегі» делінген аталмыш толғауда.
Конференция «Жараты­лыстану ғылымдары және инженерлік технологиялар» және «Әлеуметтік-гу­ма­ни­тар­лық ғылымдар» бағыт­тарын қамтыды. Осы бағыттар бойынша дарынды оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларын қорғады. Пленарлық отырысқа ағымдағы жылда өткен шағын ғылым ака­демиясының ғылыми-тәжірибелік конференция­­сына, облыстық «Зерде» бай­қауына, қалалық «Алғыр­лар» конференциясына атсалысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар қатысты.
Осы жолы менің оқушым 5 сыныптағы Саяжан Түсіп­бекованың осындай сынға алғаш рет қатысуы болды. Біз «Бесік жырының бала тәрбиесінде алатын орны» тақырыбындағы жұмысты ұсындық. Қазіргі кезде ата-баба­ларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі – бесік жыры мүлдем айтылмай жүргендіктен, өзекті тақырыптардың бірі деп есептейміз. Сондықтан, қазіргі заман жастарын бесік жырын айтуға насихаттап отыру керектігін қарастырдық.
«Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция ма­ң­ызды да мәнді ойларға, тұщым­ды тұжырымдарға то­лы болды.
Осы шараға қатысқан оқушылардың барлығына биік шыңдардан көрініп, тәуелсіз Қазақстанға өз үлестерін қо­су үшін болашақта талмай ең­бек етіп, білім жолында табыс­тарға жете берулеріне тілектеспін.
        Р.АЯТБЕКОВА,
Қарағанды қаласы №16 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 109
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px