Тұғырлы ту астында - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Тұғырлы ту астында
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»


Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!» ұранымен жеңімпаздар форумы өткізілді.

Ұлыстың ұлы мейрамы Нау­рыз қарсаңында «Нұр Отан» пар­тиясының сайлаудағы жеңісіне орай ұйымдастырылған бұл шараға этно-мәдени орталықтардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының бел­сенділері қатысты. Сахнадағы экраннан республикалық «Хабар» телеарнасының тікелей көрсетілімі арқылы сайлау қорытындысы туралы қуанышты хабарға құлақтанған көпшілік, оның ішінде, жастар «Қазақстан! Нұрсұлтан! Нұр Отан! Алға, Қазақстан!» деп ұрандатты. Жігерге – жігер қосқан жұртшылықты қала әкімі Асқар Ыдырысов құттықтады.
– Еліміздің игілігі үшін біздің қала тұрғындары да өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысында 82 пайыздан астам сайлаушының «Нұр Отан» партиясын қолдағаны белгілі болды. Бұл – Елбасы партиясының халықты бірлік пен жасампаздық туы астына топтастыра білуінің нәтижесі, – деді қала басшысы.
«Нұр Отан» партиясының сенімді өкілі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Мұса Тілеуов:  
– Көкке өрлеп көк байрағым түндігімнен,
Келемін бақыт көріп нұрлы күннен.
Жамағат, құтты болсын қуанышың,
Тамсантқан бар ғаламды бір­лігіңмен! – деп ақ тілегін  өлеңмен өрді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Балтабек Беркеев, жақында Ақтөбе қаласында өткен республикалық жастар форумының делегаты, «Қазақмыс» корпорациясы» техн­ологиялық колледжінің студенті Жұмабай Исахан еліміздің алға баса беруіне өз үлестерін қосатындығын тілге тиек етті. Украин мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ольга Бурда: «Арманымыз да, мақсатымыз да бір. Ортақ үйіміз – Қазақстан» – деп ақтарыла сөйлеп, бірлік пен татулықтың арқасында еліміздің көркейіп, нығая беретіндігіне сенім білдірді. Қала өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жеңімпаздар форумының мерейін одан әрі асыра түсті.       

СӘТБАЕВ қаласы.
Суретті түсірген І.Белгібай.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 347
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px