Тағылым тетігі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тағылым тетігі
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»
Жуырда Қарағанды қалалық білім бөлімі және Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, жас ұрпақ бойындағы қасиетті Отанға деген ұлы махаббатты ояту мақсатында, сол адами құнды сезімді тәрбиелеуді басты бағдар етіп, жаппай қорғаныс және әскери-патриоттық жұмыстар айлығы салтанатты түрде ашылды. Игі шара – қаламыздағы қабырғалы білім ордасы №57 мектеп-лицейінде өтті.
Қазақстандық патриотизмді да­мыту – жас ұрпақты тәуелсіз рухта тәрбиелеу барысында мемлекет және қоғам алдында жаңа міндеттер қою. Аталмыш міндеттер аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларын тәрбиелеу – париоттық тәрбие берудің маңызды тетігі.
Іс-шараға  екінші дүниежүзілік соғысы,  Ауған соғысының арда­герлері, білім ұйымдарының басшы­лары мен тәрбие ісі жөніндегі ор­ын­басарлары, алғашқы әскери дай­ын­дық пәнінің мұғалімдері, қала мектептерінің кадет сыныптарының оқушылары және «Жас Ұлан» ұйымы­ның белсенділері қатысты.
Игі шара барысында кадет сыныптарының оқушылары тарихтан сабақ аларлық,  тәрбиелік мәні зор қойылымдар қойып, «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері, қосымша білім беру ұйымдарының педагог және тәрбиеленушілері өз өнерін көрсетті.
Келесі айдың басына дейін әрбір білім ұйымдарында осы тақылеттес тағылымды шаралар жалғасын таппақ.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 122
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px