Тамшының дәмі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Тамшының дәмі
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»


Цифрлар әлемінен бас көтере алмай жатқан жаһандану дәуірінде жаңа кітап шықты десе елең ете қаламыз. Әріптесіміз, тарих тұрғысында танымы кең ағамыз Ерғазы Қадашұлы «Арда-ғұмыр» атты кітапты құшақтай кірді. Өзі құрастырған кітаптың іші мен тысы бірдей екен. Асқар тау әкесіне сөзден сарай салған азаматтың «Арда-ғұмырын» сүйіншілеуді жөн санадық.


Кітап Қарқаралы өңіріне аты мәлім, ауыл шаруашылығының білікті маманы болған, кісілікті қасиетімен халықтың жүрегінен орын тепкен арда азамат Қадаш Төлеуұлының тағылымды тағдыры жайында сыр шертеді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырды тамшының дәміндей мөлдір махаббатпен кешкен қара нар Қадаштың салиқалы да салтанатты ғұмыры татымды әңгімеленіп, ескірмес естеліктер тарихтың табалдырығынан төріне сапар шектіреді. Кітапты құрастырып отырған Ерғазы Қадашұлы лайықты ұрпақтың байыпты іс тындыратынын дәлелдегендей. Әзиз ана – Нағима жайлы да әсерлі әңгіме басты кейіпкердің болмыс-бітімін толықтырып тұрғандай қабыса жымдасқан. Ұл-қыз өсіріп, өнегелі тәрбие беріп кеткен мұндай азаматқа кітап жазып, кино түсіру – ұрпақ парызы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары – кітапқа арқау болған.
 Алғысөз орнына «Мен бүгін атыңды айтып, толғанамын» десе, мақалаларды  «Жадымызда жаңғырған жарқын бейне», «Ұлы жұрттың ұлағаты», «Орнында бар оңалар» деп үш бөлімге бөлген.
Көзкөргендердің ыстық ықыластары мен ерекше естеліктері, лебіз-тілектері жан жылытатыны анық. Жан семіретіні һақ.
Көпшілік оқырман оқып, ордалы ой түйіп, санасына сіңірерлік рухани құрал есепті естелік.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 407
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px