Тарихтан – тағылым - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда заманауи көркемөнер жұмыстарының көрмесі ашылды. Ашылу салтанатына Елордадағы бірқатар мемлекеттердің елшілері, зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен Қарағанды қаласынан арнайы барған студент жастар қатысты.

 

Мамырдың 30-ы мен маусымның 15-і аралығында өтетін келісті көрменің ашылу рәсімін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов жасады. Ол жиналғандарға аталған іс-шараның тарихи тағылымы, мән-маңызы жайында кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ, көрме кураторы, «Дарын», «Тарлан» сыйлықтарының және халықаралық «Kinoderkunst» сыйлығының лауреаты А.Меңлібаева (Алматы, Берлин) сөз сөйледі.

Қарағанды «Болашақ» академиясының сталиндік қуғын-сүргін тарихын зерттеумен айналысатын «ҚАРЛАГ: өткенге – тағзым, болашаққа – тағылым» ғылыми-зерттеу орталығы (идея авторы және жоба жетекшісі: заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Дулатбеков) Астана меймандарының назарына «ҚАРЛАГ архипелагы» атты көркем-гуманитарлық жобасын, яғни, қазақстандық заманауи суретшілер Айнұр Сәденова, Алмагүл Меңлібаева және Сырлыбек Бекботаевтың мультимедиа-көрме жұмыстарын ұсынды. Жоба мақсаты – жұртшылыққа тарихымыздың ең бір қанқұйлы кезеңдерінің бірі саналатын зұлматтың түп тамыры мен табиғатына барлау жасау, себеп-салдарларын оқып, зерттеу және Қазақстан тарихының 1930-1956 жылдардағы бұрмаланған парақтарын қалпына келтіру болып табылады.

Көрмеде С.Бекботаевтың «Қызыл фильтр» фотосуреттер топтамасы – «Алаш» партиясының ХХ ғасырдың 37 жылдары қуғындалған мүшелерінің тарихи портреттері; А.Сәденованың «АЛЖИР» көрсетілімі, «AdINFINITUM» деп аталатын бейнежұмысы; А.Меңлібаеваның НКВД (ІІХК) ҚАРЛАГ-тың тарихи ғимараты негізінде құрылған ҚАРЛАГ мұражайы жайлы 3 арналы бейнекөрсетілімі, «Шанель №5» деп аталатын әйгілі парфюм жайлы көрсетілімі көрермендер көңілінен шықты. Сондай-ақ, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.Дулатбековтің жетекшілігімен жарық көрген ҚАРЛАГ жайлы кітаптар топтамасы да қойылған. Кітаптарда тарихи құжаттарға негізделген альбом мен фотоальбом, очерк, тергеу материалдары, кесте, карта және естеліктер жинақталған.

 Көрменің ашылу салтанатынан соң жиналғандар қойылған көркем туындылармен, кітап-жинақтармен танысты, тақырыпқа қатысты ой бөлісті, пікір алмасты.

 

Назерке ҚЫЗБАЛИНА,

Қарағанды «Болашақ»

колледжінің студенті.

Қарағанды – Астана – Қарағанды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 314
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px