Тілді терең меңгерген - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тілді терең меңгерген
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық байқауын ұйымдастырды. Мақсат – ел Президентінің үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру. Үш тілді жетік меңгерген жастар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқауға қатысушылар қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, 2015 жылы 25 үміткер қатысса, биыл 31 адам тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті. Олар – Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау аудандары және облыстың төтенше жағдайлар департаментінің, білім саласының үш тілді жетік меңгерген 16-30 жас аралығындағы азаматтар.
Байқау шартына сәйкес, қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. Әр кезеңде берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу, берілген тақырып бойынша эссе жазу және мәтінге ілеспе аударма жасау сияқты тапсырмаларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындап шықты.
Қазылар алқасы үміткерлердің жазу сауаттылығы мен сөздерді дұрыс айтуына, тілдерді меңгеру деңгейіне және жауаптарының мазмұны мен ерекшелігіне мән берді.
Нәтижесінде, Бас жүлдені «Нұр Отан» партиясы Қазыбек би атындағы аудандық филиалының маманы Алуа Жүнісова жеңіп алды. І орынды Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы – Жансая Максұт, ІІ орынды Қарағанды қаласы №38 гимназиясының оқушысы Кристина Хван еншіледі. Жаңаарқа негізгі мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Игілікова ІІІ орыннан көрінді.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Вадим Струшко, Сәтбаев қаласы «№5 «Нұрбөбек» балабақшасының қызметкері Әсем Оразбекова және Қарағанды көлік-техникалық колледжінің оқытушысы Махаббат Бекмағамбетова Алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы, жүлдегерлерге дипломдар, Алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Және олар республикалық кезеңге жолдама алды.      

Өз тілшімізден.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px