Топ жарған толағай табыс - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Топ жарған толағай табыс
Жуырда Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік университетінде III республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасы өткен болатын. Аталмыш додада Ботақара орта мектебінің  тарих және география мұғалімі  Ерлан МАРАНБЕКҰЛЫҢ шәкірті, 11 сынып оқушысы Сұлтан САҒЫНТАЕВ ІІ орын иеленіп, аталмыш университетке грантқа оқуға арнайы сертификат алды.
Мирас АCАН,
«Орталық Қазақстан»

Дарынды оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін айқындау мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада республикамыздың түпкір-түпкірінен небір зияткер ұл-қыздар бақтарын сынаған. Бес мыңдай оқушы қатысқан таланттар тартысы  онлайн жүйе бойынша үш күн өтті. Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген мектеп бітіруші 77 түлекке Ахмет Яссауи атындағы  халықаралық қазақ-түрік университетінде грант негізінде білім алу үшін арнайы дипломдар берілді.
III республикалық «Яссауи» пән­дік олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау сәті мәдениет сарайының үлкен залында өтті.
Бұл – аймағымыз үшін аса зор шаттық. Аядай ауылдан шығып, ауыздығымен алысып, аузымен құс тістеген дүлдүлдер мен бұлбұлдардың арасынан топ жару – толағай табыс.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 149
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px