Қылқалам құдіреті - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қылқалам құдіреті
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық Владимир ТРОЦЕНКО, Владимир ГЕРЦЕН, Татьяна ГЕРЦЕН және германиялық Юрий ЯНДОЛА сынды төрт бірдей суретшінің «Қара бор» («Черный мел») атты халықаралық көрмесі өтуде.
Төрт суретшінің бұл көрмесі – бір-біріне мүлде кереғар авторлардың шығармаларын бір арнаға тоғыстырып, Қазақстан мен Германия елдерінің өнерін көрермен назарына паш етуде.    Қай жағынан болса да бір-біріне үйлесімі жоқ қарама-қайшы туындылар бір шаңырақ астына топтасқанда ғажайып сиқыр­ға айналады.        
– Биылғы жылы заманауи өнерге қадам жасау мақсатында «Қара шаршы» («Черный квадрат») тақырыбында көрме ұйымдастырып, Санкт-Петербург қаласының, Латвия елінің, сондай-ақ өзіміздің қарағандылық жас суретшілердің туындыларын көрермен назарына ұсындық. Ал, осы көрме соның жалғасы іспеттес. Әр суретшінің өмірге деген көзқарасы, сонау 50-60 жылдардан бергі сан ұрпақтың арман-тілегі коллаж, ассамбляж, графикалық бейнелеу, керамикалық туындылар түрінде көрсетіліп отыр, – дейді облыстық мұражайдың ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Александр Гехт.
Қос Владимирдің экспонаттары жерлестерімізге бұрыннан таныс. Бұл авторлардың шығармашылығына шабыт беретін де осы Қарағанды қаласы. Владимир Герцен өз шығармаларын фантастикалық тұрғыда, елес қиялға жақын «әрлеу» графикасымен жеткізсе, Владимир Троценко сәулетші ретінде, графикалық түрде супрематизмге аса көңіл бөледі. Ал, германиялық Юрий Яндоло суретші болумен қатар ақын, заңгер, прозашы, тіпті, көптеген қысқа метражды фильмдердің авторы екен. Оның көрмедегі әрбір туындысы өмірдің сұлулығы мен пәктігін композициялық шеберлікпен баяндайды. Үш азаматтың арасындағы жалғыз бойжеткен Татьяна Герценнің керамикалық жұмыстары заманауи технологиямен үйлесім тапқан.
Арман ҚАЗЫБЕК,
ҚарМУ-дың студенті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 195
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px