Өзара бақ сынасты - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өзара   бақ  сынасты
Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бөлімшелерінің арасында шағын футболдан турнир өтті.
Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылды.    
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 3 командасы және мемлекеттік қызметшілер қатарынан 1 команда сайысқа түсті. Нәтижесінде, 1 орынды департаменттің Те­міртау аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі иеленді.   
Ұлы Қазақстанның рәміздері тәуелсіз мемлекет идео­логиясын, оның тарихи дамуы, ойы және философиясының негізгі бағыттарын көрсетеді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай барлық уақыттарда және барлық халықтарда мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің сыйымды әрі шоғырланған бел­гісі мемлекеттік рәміздер болған. Біздің ғаламат, идеяға бай Елтаңбамыз, Туымыз және Әнұранымыз бар.   

Әсел МЕДЕУБАЕВА,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 648
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px