«Жүректегі ырғақтар» – жыр-қатпар - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ибрагим

БЕКМАХАНҰЛЫНЫҢ Алматыдағы «Мерей» баспасынан тағы да бір жаңа жыр жинағы жарық көрді. «Жүректегі ырғақтар». Аталмыш кітапқа соңғы екі-үш жылдың бедерінде жазған өлең, толғаулары мен поэмалары топтастырылған.

"Жүректегі ырғақтарға" дейін ақынның «Шапағат», «Сағымсары», «Сыр мен Арқа саздары», «Жарық сәуле», «Қасиетті мекен» атты поэзиялық, «Арыстанбай батыр», «Тұрымбет жырау» атты дастандар жинағы, «Сыр мен Қырдың перзенті», «Дария көңіл, тау мүсін», «Қарсақбайлық қайсар ұл» (Ерсін Мұсабекпен бірігіп), «Бекзат ғұмыр» атты көркем публицистикалық және прозалық кітаптары жарық көрген.

Жаңа туындыда туған жер, өскен ел, тәуелсіздік, ұлттық рух, адамгершілік асыл мұрат, өмірдің өзге де құбылыстары ақындық сергек көңілмен, қуатты ой, шуақты сезіммен жырланады. Әр бөлімнің көтеріп тұрған жүгі сонысымен де құнды. Кітаптағы қос поэмада есімдері Сыр өңіріне, қала берді байтаққа әйгілі екі тарихи тұлғаның өшпес бейнесі шынайы сомдалады.

Бүгінде шалқар шабыт үстіндегі жерлес ақынның жаңа кітабын жырсүйер қауымға сүйіншілей отырып, ақынға абырой биігін тілейміз.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2253
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px