Жаңа күн келді - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жаңа күн келді
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау жер-жерлердегідей өзімізде де басталып кетті. Оның алдында ғана көрісу мейрамын ұйымшылдықпен өткізген қалың жұртшылық жаңа күнді қарсы алуға жұмылған. Жақсылықтың жаршысы іспетті осынау мерекені бәрі де асыға күткен. Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген – Наурыз мейрамы биыл Арқа жеріне ертерек келіп кірді.
Айтулы мейрамды Қарағанды облыстық орталық мешітінің шә­кірттері мен кітапхана оқыр­ман­дары бірінші болып атап өтті. Мешіт кітапханашысы Дәния Іңкәр­байқызының ұйым­дастыруымен өткен «Жарасып тұр дәстүрім иманменен» атты рухани-танымдық кеш ел жадында ұзақ уақыт сақталатын болады.  Онда халқымыздың ұлттық құндылықтары әспеттеліп, Наурыз мейрамының қадір-қасиеті ашылды.
Облысымыздың өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аталмыш шараға арнайы келіп, ақжарма тілегін жеткізді. Наурыз мейрамының тарихына тоқталып, «бұл мереке – елді ынтымақ-бірлікке баулитын, құт-береке әкелетін ерекше күн» деп атап өтті.
Бата беріліп, ақжолтай тілек­тер айтылды.
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойын, әшекей-бұйым, ою-өрнек, ұлттық тағамдарымыз бен аспаптарымыз жайында оқырмандар өз ойларын ортаға салды. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студент­тері де осы шараға келіп, төгілтіп, күйден шашу шашты. Қорқыттың қобызы да тартылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px