Жақсылықты жаудырып... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жақсылықты жаудырып...
Наурыз айының кереметі сол – көктем мезгілінің шуағымен бірге адам баласына ырыс-құт әкеледі. Адамның аузы аққа тиетін, үлкен-кіші қуанышқа бөленіп, шаттанатын мейрам.
Бастысы – ежелгі түр­кі халықтарының жаңа жыл мейрамы – Наурыз ме­рекесі тойланады. «Нау­рыз» сөзі парсы тілінен аударғанда – «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа күн дегеніңіз – ренішті өткен жылға қалдырып, жаңа күнді қайта бастау. Мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі – 22 наурызға сәйкес келеді. Бұл күні әрбір қазақтың дас­тарқанынан міндетті түрде орын алатын Наурыз көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі са­налады.
Мен тұратын Тасарал ауылының наурызы жыл сайын ерекше аталып өтеді. Аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. Бауырсақ, шелпек, қатық, жент, нау­рыз көже тағы бар. Ақ­сақалдар бұлақ басына тал ексе, ағалар жағы бұлақ бастауларының кө­зін ашады. Дастарқан бас­ында үлкендер өзінен жасы кішілерге бата береді. Бейбітшіліктің мерекесіне айналған Ұлыстың ұлы күнінде бір-біріне алғыс айтып, жақсылық тілейді.  

Арай АМАН,
Тасарал орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
 
АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 243
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px