Жарты ғасыр жарасқан көңілдер - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жарты ғасыр жарасқан көңілдер
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»


Тай-құлындай тебісіп, балалық шақтың қызығын бірге бөліскен сыныптастармен араға жылдар салып қауышу – бір ғанибет. Қала басындағы М.Бәпиұлы атындағы мектеп-интернатты осыдан елу жыл бұрын бітірген түлектер шадыман сезімді бастан өткерді.
Бүгінде ақ сақалды ата, ақ кимешекті әже атанған қариялар бір-бірімен құшақтаса табысты. Көптен көріспеген сыныптастар мәре-сәре болды. Бір-бірін түгендеп, мектеп өмірінен сыр шертетін фотосуреттерді тамашалады. «Бұл интернат 1965 жылы қаңтар айында ашылды. Біз 9-сыныпта оқып жүргенде келіп, 1966 жылы үш сыныптан 71 бала бітіріп шықтық. Содан қалғаны 50 адам, 21-і о дүниелік болып кетті. Ал, бүгінгі кездесуге 23 түлек жиналды», – дейді осы шараны ұйымдастырушы түлектердің бірі – ұлағатты ұстаз Серік Ахметов.
Сыныптастар шер тарқатысып, естеліктер айтып, бір жасап қалды. Араларынан ерте кеткен достарын да ұмытпады. Құнанбай қажы мешітіне барып, рухтарына құран бағыштады. Қарқаралы тауларын да аралап үлгеріп, мейрамханада бас қосты. Бір кездері білім берген ұстаздары – Ғалияш Аманбайқызы, Дүйсентай Оспанұлы, Клара Нығыметова шәкірттерінің ортасында сыйлы қонақ болды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.  

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1059
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px