Жас ұрпақпен еркін әңгіме - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жас ұрпақпен еркін әңгіме
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Жақында М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана Қазыбек би аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесе отырып, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – сүйікті елім, Қазақстан – туған жерім» атты ақпараттық сабақ өткізді.
Шырайлы шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздің өзге ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу еді. Шара барысында кітапхана қызметкері Жұлдызай Темірханқызы оқушыларға қазақ елі туралы, еліміздегі ұлт өкілдері туралы қызықты мәліметтер айтып, еркін әңгіме жүргізді. Қазақ халқының даналық сөздерін еске түсірді. Балалар ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерін жеткізді. «Отан», «Туған жер» туралы өлеңдер оқып, шараның шырайын кіргізді.
Жиын соңында арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетілді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 148
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px