Жас өскінге – терең тәлім - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жас өскінге – терең тәлім
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Жақында Қарағандыда «Қалқан» әскери-спорттық ойынының қалалық кезеңі мәресіне жетті. Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шара әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, ұрпақ сабақтастығын нығайту мақсатында өткен іс-шараға қаланың елуден астам білім ұйымдарының оқушылары қатысты. Іс-шара бағдар­ламасына «Теория. Медициналық дайын­дықтың негіздерін білу» және «Жауынгерлік парақты қорғау» байқаулары енгізілді. Сонымен қатар, қатысушылар саптық дайындығы бойынша бақтарын сынады.
Ойынның қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар жүлделі орындарға ие болды. І орынды – №35 орта мектеп иеленсе, ІІ орынды – №2 лицей мен №59 орта мектеп өзара бөлісті. Қос ІІІ орынды – №32 орта мектеп пен №101 мектеп-лицейі олжалады.
Кезең қорытындысы бойынша мамыр айында өткізілетін облыстық сайысқа қаланың 12 білім мекемесінің оқушылары жолдама алды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 152
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px