Жастардың жарасымды әрекеті - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жастардың жарасымды әрекеті
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы «Таза көше», «Таза жағалау» тазалық акцияларын ұйымдастырып, жас буынды өздері өмір сүріп жатқан ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға баулуда. Аталмыш акцияға ауылдық округтердегі мектептердің оқушылары да қолдау көрсетіп отыр.

Әрине, тазалық – тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі, дамудың тетігі. Терең пайымдаған адам үшін тазалық – мәдениеттілік өлшемі. Сондықтан да, жастардың соншалықты жарасымды әрі жанға жағымды әрекеттері көңілге қуаныш ұялатады.
Сонымен қатар, жастарды еңбекке тәрбиелеп, бойларына қамқорлық пен қайырымдылық сезімін сіңіруге бағытталған тағы бір іс-шара – «Ардағым – ардагерім» акциясы. Осынау тағылымды шараның аудан орталығындағы мектеп оқушылары және колледж студенттерінің қатысуымен жыл басынан бері  он үш рет өткізілгені көп жайттан хабар берсе керек.
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшылығы жас буынды қоғамның белсенді азаматтары болуға тәрбиелеу мақсатындағы қайтарымы мол іс-әрекеттерді жиі және мазмұнды тұрғыда ұйымдастыра беруге мүдделі.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 135
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px