Жеңісіміз саған, Ұлы Қазақстан! - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жеңісіміз саған, Ұлы Қазақстан!
Мәңгілік Елдің іргесін берік ететін – жас ұрпақ. Жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие беретін – мектеп. Шынында да елін сүйетін патриот азаматтарды тәрбиелей отырып, біз ел іргесінің берік болуына жағдай жасаймыз.
Биылғы жылы кең көлемде тойланып отырған тұғырлы Тәуелсіздігіміз­дің 25 жылдығына,  Алаш ардақ­тысы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай өткізілген іс-шара­лардың барлығына Әлихан Бөкейханов  атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектептің ұстаздары мен оқушыларының қосқан үлесі мол.
Оған дәлел – ұйымдастырылған са­йыстар мен байқаулардың біршама­сынан шәкірттеріміз де, мұғалімдеріміз де жеңіспен оралып, мектептің мерейін асырды.
Қалалық білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған «Әлихан – Тәуел­сіздік жаршысы» атты жас ақындар мүшәйрасында Жанкелді Тоқтамұратов бас жүлдені және күні кеше ғана Тараз қаласында өткен республикалық «Ақберен» байқауынан 2 орын иеленіп, оқу грантын жеңіп алды. Ал, Өркен Миров ақындар айтысындағы бас жүлдені жеңіп алды.
Алаш ардақтыларының еңбектеріне арналған ғылыми-конференцияда оқушымыз Сара Қадырова бас жүлдені иемденсе, «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты Қарағанды қаласы әкімдігі мен тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған сайыста Юрий Михуля да бас жүлде еншіледі.
Спорт, өнер саласында жеңіске жетіп, қалалық, облыстық көлемде өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған шәкірттеріміз де аз емес.
Ұстаздарымыз да мектептің ал­дыңғы орындардан көрінуіне өз үлес­терін қосуда. Жақында ғана өткен ұстаздар арасындағы жыр мүшәй­расында тарих пәні мұғалімі, жас маман Нағима Сабденқұлова 2 орынды қанжығаға байлады. Орынгүл Есебаева, Құралай Ақеділова, Жұлдыз Рахымбаева, Нұрлан Төлеубеков, Нәстай Исаков сияқты  ұстаздарымыз да жүлделі орындарға ие болып, мектеп ұжымын қуантып тастады.
Шәкірттерді тәрбиелеп, жан-жақты дамуына, сайыстарға қатысып қана қоймай, жеңімпаз болуына жағдай жасап жүрген Күміс Шмакова, Айнұр Жапбарқұлова, Арайлым Ақышева есімді ұстаздарымызды да ерекше атап өткіміз келеді.
Мектеп басшысы Абылай Жәлелов жеңімпаздарды марапаттап, биылғы жеңісіміздің барлығы Ұлы Қазақстанымыз бен ардақты бабамыз Әлихан Бөкейхановтың құрметіне арналатындығын, әлі де алар асуымыздың көп екендігін айтып, мектеп ұжымының алдына жаңа мақсаттар қойды.
Жанат БОТАБЕКОВА,
Ә.Бөкейханов атындағы №76 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 123
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px