Жеткіншектеріміз жеңіспен оралды - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жеткіншектеріміз жеңіспен оралды
Жақында Алматы қаласында ағылшын тілінде өткен Халықаралық дебат сайысына қатысқан №2 Қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары олжалы оралды. Төрт топ болып құралған оқушыларымыз артқан үмітті ақтады.
Дебат сайыстары білім алушылардың танымын кеңейтіп, өз ойлары мен көзқарасын жеткізе білуге негіз болады. Екі күнге созылған сайыс барысында тек дебат емес, эссе жазу, тест тапсырмаларын орындау кезеңдері болды.
Біздің оқушылар Галакси халық­­аралық мектебі, Алматы халықаралық мектебі, Қазақстан және Қырғызстанның беткеұстар оқу орындарының қатысушыларымен сынға түсті.   Дебат сайысынан әр топ 2,3,4 орындарды, эссе жазу бойынша 1,3,5 орындарды, тест тапсырмаларынан 2,3 орындарды иеленді. Нәтижесінде, топ бойынша бірінші орын алып, 76 алтын, 47 күміс медаль мен 13 кубокты қанжығалады. Жетекшілері Бағжан Уайс шәкірттерінің біліміне шәк келтірмегенін айтады. Жеңімпаздар енді әлемдік деңгейдегі сайыста бақ сынасатын болады.
Сәуле ЕДІЛБАЕВА,
№2 Қазақ-түрік лицей-интернаты директорының  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 182
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px