Жігерлі жандардың жүрек үні - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жігерлі жандардың жүрек үні
М.Хамзин атындағы Мәде­ниет сарайында мүмкіндігі шектеулі жандардың «Жан шуағы» атты қалалық VІІ фестивалі өтті.
Шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы А.Әшімжанова, фестивальге үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіп­кер­ Ғ.Жақыпов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің тәрбиеленушілері және де мүмкіндігі шектеулі жандар мен БАҚ өкілдері қатысты.  
Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, «Үлкен жүрек» қоғамы мү­шелерінің орындауындағы «Мамин вальс» биі және де кіш­кентай бүлдіршіндер – Н.Тұрлыбекованың, Р.Әбді­кәрімованың, А.Нұрымханның өнер­лері көрермендер көзайымына айналды.
Сонымен қатар, мүм­кіндігі шек­­теулі жандардың қолынан шық­­қан түрлі жанрдағы көрме ұй­ым­­дастырылды.
Жігерлі жандар әртүрлі номинация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Динара Махмұтова.
БАЛҚАШ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 331
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px