Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Сұлушаш

Материалдар категориясында: 61
Көрсетілген материалдар: 21-30
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 7 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
06.12.2014

Іскер басшы
Жаһандану дәуірі – әлем елдерін бәсекелестік жағдайына алып келетін болса, осы аламанда білім жүйесі еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз”, – деген Елбасы сөзі білім қызметкерлері үшін межеге жетер жолдағы бағдаршам болмақ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 488
06.12.2014

Іскер басшы
Жаһандану дәуірі – әлем елдерін бәсекелестік жағдайына алып келетін болса, осы аламанда білім жүйесі еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз”, – деген Елбасы сөзі білім қызметкерлері үшін межеге жетер жолдағы бағдаршам болмақ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 421
06.12.2014

ІШІМДІККЕ  ӘУЕС  БОЛМА, ӘЙЕЛДЕР!
Мен бүгін ішімдік мәселесін қозғағым келеді. Жасыратыны жоқ, алкогольдік ішімдікке әуестік ерлердің  ғана емес, әйелдердің арасында да белең алып отыр. Бұл – ащы да болса шындық. Өз бастарын әзер алып жүрген ерлер болса бұған көзді жұмып қарауда. Әрине, барлық әйел қауымына күйе жағудан аулақпын. Үлгі тұтар әйел - аналардың барына Аллаға шүкіршілік етіп, қуанамын. Бірақ, біздің қазақта басқа ұлттарға еліктеушілік басым.

 пікірлер: 0
 оқылған: 449
06.12.2014

Бетіңді бүркемеші, бойжеткен!
Үкілі  кәмшат, бүрмелі  көйлек,
Тұрғандай  өзі, қимылсыз  билеп.
Иықтан  шашың  төгіліп  жерге,
Күмісті  шашбау  жарасып  белге, – демекші, бүгінгі  дүниеге  келген  кішкентай  қыз – ертеңгі  сүйкімді  бойжеткен, болашақ  ана, сабырлы да салиқалы  әже... Қыз  Жібектей  бұрымы  ұзын, сұлу,  қазақ қызын  көргенде  қызыға  қарап,  таң  қаласың. Қазақ  қыз баласын ақылына көркі  сай, қылықты, ибалы, инабатты  етіп  тәрбиелейді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 578
12.06.2014

Тігінші Гүлмира
Қазіргі өркендеген заманда жұмыс істеймін деген адамға кәсіптің түрі жетіп артылады.Сәндік қымбат маталардың тігісін үйлестіріп, әдіптеп, әсемдеп іс тігу  асқан шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді.Осындай кәсіпті таңдаған, жұмысын жаңаша ойлайтын, көпшіліктің алғысын алып жүрген суретші-дизайнер,қолы өнерлі, іс тігуші Гүлмира Нұркееваны көпшілік оқырманға таныстырмақ ниеттеміз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1303
12.06.2014

Қыздың ары – елдің ұяты
Жаһанданудан қазақ
отбасы шайқалып тұр
Дүниеге келген әрбір сәби отбасында тәрбиелену керек. Отбасы мәселесі біздің қоғамда өткір тұр. ҚР Президенті Н.Назарбаев «өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін» деп өкімге қол қойды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1881
12.06.2014


Тоқпақтай бұрым,     
білектей бұрым,
Қап-қара шашың – түнектей тұғын.
Иығында екі бұлғақтай
                                берген,
Есілген сезім, жібектей
                             жырым...

 пікірлер: 0
 оқылған: 382
12.06.2014

Болашаққа барар жолды нұсқаған
Болашақтың  иесі жастар, жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана-сезімі оянған, ізетті, парасатты, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Осы ұстанымдарды бала тәрбиесінде жүйелі қолданып, нәтижелі еңбегінің жемісін көрсетіп келе жатқан  Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектептің тәлімгер ұстазы – Ләззат Хамитқызы.

 пікірлер: 0
 оқылған: 628
12.06.2014

Менің нағашыларым
Отбасындағы тәрбиенің көбі асыл аналардан келіп жатады. Ақылды, парасатты, алтын құрсақты аналар текті ұрпақты дүниеге әкеледі. Мен өзім «Нағашы жұрт қамқоршыл» деп айтқан халық даналығына басымды иемін. Бойымда бір керемет қасиет болса нағашы жағынан келген деп ауыз толтырып айта аламын.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1412
03.08.2013

Қайран, «Қыз Жібек»

қор болған!

Мен – жасым 93-ке келген кей­уанамын. Еңбек және тыл ар­дагерімін. «Іште пікір өлмесін», деп қолыма қалам алып отырмын. Ма­мыр айының 12 күні мен тү­сінбейтін, таңқаларлық бір жайтқа кез болдым!

Президенттің нұсқауымен са­лынған Сәкен Сейфуллин атын­дағы  зәулім қазақ театрында «Қыз Жібек» пьесасының премьерасы болады деген соң бармаймын ба?!

Сол барғандағы көргенімді ай­тайын деп отырмын! «Премьера кіші залда болады» деді. Келіп жат­қан көрермендер жоқ сияқты. Бір он шақты жастар кірді. Менен бас­қа бірде-бір үлкен кісі жоқ.  Залдың сахнасы бір қирап қал­ған сарайға  ұқсайды. Мен түк түсінбей отырмын. «Қарағым-ау «Қыз Жібекті» қоятын сахна осын­дай болушы ма еді?! Басқа бірдеңе жастарға қоятын шығар, бекер-ақ келген екем» деп іштей өкініп отырмын.

Бір  мезетте, жай, ескі пиджак киген бір кісі шықты. Мен оны са­хананы жөндеп, жиятын шығар деп отырмын. Бір уақытта ба­ле­рина сияқты бір қыз шықты.

Қарағым-ау «Қыз Жібек»  ба­лерина болып кеткен бе, жоқ әл­де ақыреттегі кебіні шығар  деп ойладым. Кейіпкерлердің де кім кімді ойнап жүргені түсініксіз.

Өлгендегі түстері шығар дедім. Біріне бірі тас лақтырады. «Қыз Жібек» сымақтының шашбауын бі­реуі жұлып алды. Ол не? Осы­лай «Қыз Жібекті» мазақ қылып жас­тарға көрсететіндей, «Қыз Жі­бек» оларға не істеді? Мынау сұм­дық қой!

Біз білетін «Қыз Жібек» өте көр­кем, сұлу қыз болған, нақтырақ айт­қанда, қазақ қыздарының сұ­лулығының символы болған. Со­нымен қатар, ақылды болған.  Сондықтан, әкесі Базарбай «Әттең ұл болып тумағаның-ай» деген. Бұл – үлкен баға. Шынайы ма­хаб­баттың жолына жанын қиған аб­зал жан. Мұндай қойылым жас­тарға не тәрбие береді? Қайран, «Қыз Жібек», қор болған!

Дүние жүзінің операсының жұл­­дызы Галина Вишневская, Ев­гений Онегиннің жаңаша қойылымын  көріп отырып аяғына дейін көруге  шыдамай, шығып кеткен екен. «Где это видели чтобы Дворянские дочки Татьяна и Ольга Ларины плясали на столе «кан-кан» задрав юбки! Я возмущена!», – деген. «Қыз Жібек» – махаббаттың ең жоғарғы шыңы, классика. Қазіргі  жастарға үлгі бо­ларлық мен «Үлкен театрда» да, Ленинградтағы «Маринский» те­атрында да болғанмын. Ол кез­дегі театрға бару бір мереке си­яқты еді. Көрермендер жақ­сы киініп, дем алып, театрдан өне­ге алып, жақсы-жаманды көру үшін баратын.

Біреулермен пікірлесіп ем – ре­­жис­серді Италиядан алғызды де­­ді. Шамасы өзімізден ешкім табыл­маған ғой.

Италияның «Оттела» сияқты операларын бұзған жоқ қой. Сол заманның киімі, дәстүрі бәрі сақ­талған. Облыстың мәдениет  жа­нашырлары не қарап отыр?!

Соғыс уақытында ескі қалада «Қазақ драма театры» болатын. Онда Шашкина, Сүртібаев деген атақ­ты артистер ойнайтын. Соған осы жаңа қаладан трамваймен ба­ратынбыз. Жақсы дем алып қай­татынбыз. Қазір мынау ХХІ ғасырда мәдениеттің өскен кезінде те­атрдағы нашар қойылған қойы­лымға кім барады?!

Менің жұбайым Бағымбек Спа­­таев – білімді инженер болса да музыканы жақсы көретін. Де­ма­лысқа шыққанда үлкен қала­ларда опера, оперетталарды тың­дап, жақ­сы дем алушы едік-ау. Ол кісі шахталарда план беру үшін  көп еңбек етіп, күні-түні жұмыс істейтін. Сондықтан, жақсы музыка тыңдап, театрларға барып, пьеса көріп де­малатынбыз. Мен де те­атрға ба­руды, музыка тыңдауды жақсы кө­ремін. Енді бұл театрдың есігін ашпаймын.

Мен және басқа да қариялар осы­­ның мән жайын біздерге толық түсіндіруін талап етеміз!

 

Қамария МҰҚАШҚЫЗЫ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 695

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px