Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 27.04.2018

«АНА  КӨРГЕН  ТОН  ПІШЕР»
Жұлдыз ТОЙБЕК,
"Орталық Қазақстан"
Апалы – сіңілі Әйгерім және Ақ­ерке Маратовалар Шет ауданының орталығы – Ақсу-Аюлыдағы А. М. Горький атындағы мектеп-гимназиясында оқиды. Көп оқушылардан олардың бір артықшылығы – он саусағынан өнер тамған шеберлер. Кішкентай кезінен бастап іс тігіп, тоқыма тоқып, қолөнермен тұрақты айналысады. Олардың нәзік саусақтарынан шыққан бөстек, көрпеше, шәлі, жемпір сияқты тоқымаларына жұрт таң қалып, ризашылықпен қарайды. Көз тартарлық дүниелері жұрттың кәдесіне де жарап келеді.
Апалы-сіңілілерді «сегіз қырлы, бір сырлы» десек артық айтпаған болар едім.Әйгерім бірінші сыныптан бастап осы күнге дейін сыныбында староста болып келеді. Барлық мерекелік іс- шараға белсене қатысып, ән айтып, би билейді. Мектепте математика және орыс тілі пәндерінен өткен олимпиадада І орын иеленді. Спортты жанына серік еткен Әйгерім волейбол командасының мүшесі. Жыл сайын спорттық сайыстарға қатысып, құр қол қайтқан емес. Бірнеше мәрте мадақтама және медальдармен марапатталған.
Ақерке де білімпаздардың қатарында. Орыс тілінен болған олимпиадада І орын алса, тарих пәнінен өткен олимпиадада ІІ орынды иеленді. Спорттың жеңіл атлетика, шаңғы түрлерімен айналысып келеді. Спорт додасына  қатысып, жеңімпаз атанып жүр.
«Ана көрген тон пішер» дегендей, бала бойындағы тамаша құндылықтар отбасы тәрбиесінен келетіні белгілі. Соның бір дәлелі, Ақерке мен Әйгерім. Оқуын да оқып, тоқымасын да тоқып, ұлттық дәстүрімізді бойына сіңірген қазақтың осындай сүйкімді қыздарына қалай сүйсінбейсің!  Өнерлі қыздарымыздың қатары көбейе берсін!
Суретте: Ақерке мен Әйгерім және қолдарынан шыққан тоқы­малары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 549
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px