Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.10.2018

Енеме айтар алғысым шексіз
Өмірге келген тіршілік иесіне жылулық, шексіз мейірімділік нұрын шашқан, келешекке ақ жол, дұрыс жол нұсқап өмір сыйлаушы, асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол АНА.
Менің енем Сарқыт Тұрысбекова жеті балаға өмір сыйлап, оларды аялы алақанына салып өсірген, немере, шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Анам, өз балаларына төккен мейірімін, келіндері яғни, бізге төгіп, жүрегінен орын беріп, тәлім-тәрбие беріп отырған қасиетті адам. Менің енеме айтар алғысым шексіз, көрсеткен саралы жолы мен берген ақылының алдында басымды иіп, алғысымды айтамын. Себебі, табалдырығын аттаған келіндерін алалап бөлмей, қыздарымен тең дәрежеде ұстап, бізге үлгі болып келеді.
Енем Нұра ауданында 1940 жылы дүниеге келіп, балалық шағын сол өңірде өткізген. Қазіргі кезде Бұқар жырау ауданы, Баймырза ауылында тұрады. Асқар таудай атамыз – Әлкенмен 56 жыл отасып келе жатқан отанасы. Енемнің жолы бізге үлгі болып келеді. Өйткені ол – аяулы жар, аялы алақаны ыстық ана, жүрегі мейірімге толы ене.
Марқұм әжем Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың «Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң Әкеңе жақсылық жаса», деген хадисін құлағыма сіңіргені бар.   Қашанда ананы құрметтеу - парыз екенін айтып, түсіндіріп кеткен.
Әр балаға, әр келінге ақ жаулықты аналарыңды сыйлап, оларды аялай, бағалай біліңіздер демекпін.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, құшағынан мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейік!

Бақыт ТҰРЫСБЕКОВА.

Бұқар жырау ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 747
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1251
count 88x31px