Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

ЕРЕКШЕ ЖАН
Болтай (Гүлсара) Құрмансейітқызының
рухына
    
Жақсылардың ұмытпаған жөн атын,
«Тон да пішіп,
                      қаласа оқ та жонатын»,
Болтай тәте –
                     (біз осылай атаушы ек)
Ел ішінде ерекше жан болатын.

Көңілге көп тоқығаны, түйгені,
Шұғыла еді шуақ шашқан үйдегі.
Қадірлі еді, қалаулы еді халқына,
Алыс-жақын ағайынға сыйлы еді.

Сөйлегені, жұрт алдында жүргені,
Үйренемін дегендерге үлгі еді.
Майын ішкен қазақ қара сөзінің
Шешен еді, ділмар еді, тілді еді.

Сәл нәрсеге көңілі толқып, таситын,
Жетім-жесірлерге жаны ашитын.
Жалтақ, жасық еркектерді көргенде,
«Жыны келіп» бойда қаны таситын.

Мейірімді, алтын құрсақ Ана-тын ,
Кей істері билерге ұқсап қалатын.
Әділдікті қажет еткен адамдар,
Сол кісіге жүгінуге баратын.

Көңілдері бір-біріне көншімей,
Араздасып қалса ағайын, көрші кей.
Дәнекерлік дәнін сеуіп жүретін,
Әлгілерді елдестіріп елшідей.

«Балаларым – байлығым,
                                       – деп бар менің»,
Ардақтайтын, жоғары ұстап
                                            Арлы елін.
Жиын-тойда тамылжыта шырқайтын,
Батыр Мәди бабасының әндерін.

Еш шаруадан қалмайтұғын шеткері,
Ақ жүрегін жарып ұшқан кептері.
Ширек ғасыр болып
                               биыл қалыпты-ау
Ортамыздан осы бір жан кеткелі.

    Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ.

Ұлытау ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 478
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px