Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

ІШІМДІККЕ  ӘУЕС  БОЛМА, ӘЙЕЛДЕР!
Мен бүгін ішімдік мәселесін қозғағым келеді. Жасыратыны жоқ, алкогольдік ішімдікке әуестік ерлердің  ғана емес, әйелдердің арасында да белең алып отыр. Бұл – ащы да болса шындық. Өз бастарын әзер алып жүрген ерлер болса бұған көзді жұмып қарауда. Әрине, барлық әйел қауымына күйе жағудан аулақпын. Үлгі тұтар әйел - аналардың барына Аллаға шүкіршілік етіп, қуанамын. Бірақ, біздің қазақта басқа ұлттарға еліктеушілік басым.
Осы күні таңмен таласа тұрып, бір тыным таппай, еңбек етіп, табысы ерлерден кем түспейтін әйелдер көп. Керісінше, ер-азаматтар арасында жатып ішер, жалқаулар да жетерлік. Осындай, күйеулері мен балаларын асыраудың қамында жүрген кейбір әйелдер арасында ішімдік ішіп, шаршағанын басып, көңіл көтеруді жөн көріп жатады. Бір адам, оның ішінде- әйел адам ішсе, ол бес-алты адамның «ішімдікке» деген әуестігін қозғайды. Айтатын әңгімелелері «Құлап іш­пейміз» дейді. Бірақ, мәселе «Құлап ішуде емес» екендігін білсе ғой. Бұл қылық мұсылманға жат қылық.  
Ер-азаматтарға айтарым, әйел – ана, әйел – отбасының берекесі, әйел – жар демекші әйелдеріңізді аялаңыздар, сыйлаңыздар. Олардың мойнына оңай жүк артылмаған. Олар әрқашанда азаматынан мықтылық күтеді. Кешегі үлбіреген гүлдей етіп қолыңа ұстаған әйеліңнің күйбең тірліктің тауқыметінен азып-тозып, ішімдікке бой алдырып кетпеуіне жол бермеңіздер!
А.ҚАПАСҚЫЗЫ.
 Саран қаласы.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 603
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px