Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Менің алғашқы ұстазым
Білімнің жолбасшысы, шәкірт­тің қолбасшысы – Ұстаз. Елді басқарған басшыны, әйгілі әншіні, ұлы ақынды, еңбек сүйген егіншіні де тәрбиелейтін ұстаз. Білімді ғалымдар, ойшыл дарындар, алып  батырлар да осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған.  Сондықтан, ұстазға артылар жауапкершілік орасан зор. Бізге  терең білім берген, алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызған менің алғашқы ұстазым – Гүлбарам Айдарханова. Ұстазым Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейіндегі бастауыш сыныбында  білім береді. Бүгінде шәкірттері мен әріптестерінің, ата-аналардың алғысына бөленіп жүр. Өзім, биыл білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмын. Гүлбарам апайдың шәкірті болғанымды,  өзімнің жолымның болғандығы деп түсінемін. «Білім негізі бастауышта қаланады» дегендей шебер ұстазымның берген білімінің арқасында облыстық, қалалық   олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болдым. «Таным – 2015» облыстық рейтингтік олимпиадасында 1-орынды иелендім. Байқауларда дүниетану пәнінен  жазған шығармам «Ең үздік шығарма» деп танылды.  Қалалық «Танымгер-2015» олимпиадасында математика және дүниетану  пәнінен жүлделі I-орын, Н.Қайырбаев атындағы VII аймақтық математика пәні бойынша олимпиадада  және мектепішілік байқауларда жүлделі I-орындарға ие болдым.  Бізге әрқашан қамқоршы болып, білім шыңына жетелейтін – ұстазымыз. Сондықтан, ұстаз еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау – борышымыз.

Айзада СЕРІКҚЫЗЫ,
№101 мектеп-лицейінің
4 «А» сынып оқушысы .

Суретте: Гүлбарам Құсайынқызы шәкірті Айзадамен.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2459
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px