№16 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Қадырбек Сағашұлы Әбдіров - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

№16 сайлау округі бойынша  Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Қадырбек Сағашұлы Әбдіров
1951 жылы 14 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Буырлы-Байтал ауылында туған. Еңбек жолын Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін 1974 жылдан бастап Қаражал жылу энергетикалық орталығында (ЖЭО)  бастаған, ол жерде қатардағы электромонтердан бастап электроцехтың бастығының орынбасарына дейін жоғарылап қызмет етті. 1975 жылдың қазан айында Қаражал қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. 1977 жылдың мамыр айында Жезқазған облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1979 жылдың тамызынан бастап 1981 жылдың қыркүйегі аралығында Кеңес әскері қатарында батальон командирінің орынбасары қызметінде болды. 1981 жылдан бастап Жәйрем поселкесінде Бүкіләлемдік екпінді құрылысында «Жайремтяжстрой» тресінде аға энергетик ретінде, қашық – батыс руднигінің Жәйрем тау-кен байыту комбинатында аға энергетик, Жәйрем «Қалалық торабының» бастығы, «Жайремтеплоэнергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) директоры.
2000 жылдан бастап, Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қалалық Жарық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 2003 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
III-IV-V шақырылған қалалық мәслихат депутаты, осы уақытта қалалық мәслихат адам құқықтары, заңдылық, этика, марапаттар, рег­ламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері жөнінде тұрақты комиссиясының төрағасы болып табылады.

Қала – адамдар үшін

Қарағандылықтардың өмір сүру деңгейі жергілікті биліктің сапасына тікелей байланысты әрі сандық көрсеткіштермен өлшеніп қана қоймай, күнделікті өмірдің қолайлы жағдайларымен – баспаналы болумен, үйдегі су мен жарық, жылу мен байланыс жүйесі, сапалы коммуналдық қызметтермен бағаланады. Сондықтан, қаланың коммуналдық мәселесінің шешу жолдарын күшейту қажет, ол – жолдарды, тұрғын үй шатырларын жөндеу, коммуникациялау, қолайлы көлік бағыттары, сыртқы жарықтану желілерін  қалпына келтіру.
 Зейнеткерлерді мемлекеттік қол­дау – ардагерлер қоғамдық көлік­терде тегін жүруге және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуге лайық.
 Қолжетімді, сапалы және тегін медициналық қызмет көрсету.
 1991 жылға дейін Қарағандыда балабақшаға орналасу қиындығы туындаған жоқ. Балабақша шешімі – болашақтың шешімі.
 Жұмысы бардың салауатты өмір сүру мүмкіндігі бар. Жұмыспен қамту – жұмыссыздықты жою, жаңа жұмыс орындарын ашу.
 Жастарға – қолжетімді әрі тегін білім беру, жұмысқа орналыстыру, балаларға тегін спорттық және аула клубтарын ашу.
 Күнделікті сұраныстағы барлық тауарлар бағаларын, оның ішінде коммуналдық қызметтерін кездейсоқ емес, тұрақты түрде мемлекеттік бақылау және бағалардың көтерілуіне қатаң жауап беру.
 Коммуналдық қызмет тарифінің өзгеруін тек қана депутатардың келісімімен қоғамдық бақылауда ұстау.
 Ең төменгі жалақы мен зейнетақы ең төменгі күнкөрісті қамтамасыз етуі тиіс.
Республикалық бюджет
қаражатынан төленді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 266
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px