№ 18 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

№ 18 сайлау округі бойынша  Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер
Мен,  Искаков Мейрам Төлеутайұлы,  2 желтоқсан, 1962 жылы Қарағанды облысы, Қушоқы қаласында туған. 1980 жылы Нұра ауданының Казгородок ауылында орта мектепті бітірдім, 1980-1985 жылдары Целиноград инженерлік -құрылыс  институтында оқып, инженер-құрылысшы мамандығын игердім. 2011 жылы «Фемида» заң академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым.   
 1985 жылдан 1989 жылға дейін   «Карагандасельстрой-10» тресінің ПМК-1013 инженер, шебер болып және  Осакаров ауданы Құндызды кеңшарында аға прораб болып істедім.    
 1989-1991 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында офицер лауазымында қызмет еттім. 1991 жылдан 1994 жылға дейін «Нұра» құрылыс -жөндеу кооперативінің төрағасы болып жұмыс атқардым.   
 1994 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ҰҚК, МТК органдарында қызмет еттім, одан әскери қызмет бойынша шекті жас жағдайына жеткенде қызметтен босатылдым.  
2010 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды қаласы «Райкомхоз» КМК бас инженері және сол жылдың қараша айынан  бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласы «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШС -КМК директоры болып жұмыс істеймін.  
«Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Мерейтойлық медальдармен және  «Мінсіз қызметі үшін» әскери медалімен марапатталдым.
Құрметті сайлаушылар!
Қарағанды қалаласының мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде экономиканың осы ерекше кезеңінде біздің тұрғындарды дағдарыстың жағымсыз салдарынан  қорғау және әрбір қарағандылықтардың өмір сапасын жақсарту менің негізгі міндетім деп санаймын. Мені қалалық мәслихатқа депутат қылып сайлаған жағдайда,  мен келесі бағытқа назар аударамын:
1. «Жұмыспен қамту жол картасы  — 2020» және «Бизнес жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жеке бизнесті дамытуда және жұмысқа орналастыруда халықтың еңбекке қабілетті бөлігіне көмектесу және қолдау.
2. Көпбалалы отбасына, жетім балалар­ға, зейнеткерлерге, соғыс және еңбек арда­герлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткізу.  
3. «2020 жылға дейін ҚР өңірлерін дамыту» (бұрын 2011-2020 ж.ж. ТКШ жаңарту бағдарламасы» бағдарламасы) бойынша бөлінетін бюджеттік қаражат есебінде ескі көп пәтерлі үйлерді жөндеуде өз сайлау округымдағы тұрғындарды қолдау.
4. Жолдарды, көшелерді, аумақтарды, балалар алаңы мен азаматтардың демалатын орындарын тиісті түрде ұстауға және көріктендіруге көмектесу.  
5. Дүкендер мен қала базарларында алғашқы қажетті өнімдердің бағаларына қатаң депутаттық бақылауды қамтамасыз ету. Бағаны негізсіз көтеру дерегін кідіртпей жою бойынша шаралар қабылдау.
6. Қаланың жолаушылар автокәсіпорын­дарынан автобустардың қозғалыс кестесін сақтау бойынша, тарифтерді қолдану және жолаушыларға мәдени қызмет көрсету бойынша сапалы жұмысқа қол жеткізу.
7. Жергілікті полициядан, учаскелік инс­пекторлардан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және түбімен жоюда неғұрлым белсенді қызметіне дәйекті түрде қол жеткізу.
Нақты мақсаттар – нақты жоспарлар!
Бастысы – адамдарға қамқорлық!
Бірігіп өмірімізді жақсартамыз !
Сіздердің қолдауыңызға үміттенемін.

Республикалық бюджет  қаражатынан төленді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 257
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px