1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында кәсіпкерліктің өзекті мәселелері, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа жолдары қарастырылды. Түрлі ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Кездесуге кәсіпкерлермен қа­тар, екінші деңгейлі банктердің, өңірлік даму институттарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Мемлекет бизнесті дамытуға қолбайлау болатын әкімшілік ке­дергілерді азайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. 2015 жылдың өзінде «Doinq Buisness» ғаламдық рейтингісінде 12-сатыға көтерілді. Осылайша, бүгінгі күні 189 елдің арасында – 41-орынға тұрақтады» – деді аймақ басшысы.
Жиында мәлім болғандай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дарламасын жүзеге асыру үшін биыл 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл кәсіпкерлердің коммерциялық кредит алу барысындағы қаржылық жүктемесін жеңілдетуге сеп. Сондай-ақ, осы бағдарлама ар­қылы 2016 жылы 1,5 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орнын ашу мен 5,5 мың жұмыс орнын сақтап қалу көзделіп отыр. Ал, бағдарламаға қатысушылардан бюджетке 1,5 миллиард теңге көлемінде салық түседі деген болжам бар.
Күн тәртібіне орай, Кәсіп­керлердің ұлттық палатасы өңір­лік кеңесінің төрағасы Болатбек Бәйменов, Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Мәдениет Божбанов та ақпарат берді. Бұған қоса, бірнеше кәсіпкер сөз алды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков жиында көтерілген әрбір мәселенің алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 196
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px