20 наурыз 2016 жыл – САЙЛАУ КҮНІ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

20 наурыз  2016 жыл – САЙЛАУ КҮНІ
№ 9 сайлау округы бойынша
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына
ҮМІТКЕР
Табиғат ЗЕЙНҰЛҚАБДЕН

1974 жылы 3 қазанда Павлодар облысында туған. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ. Білімі – жоғары.  
«Нұр Отан» партиясы атынан дауысқа салынады.

 Еңбек қызметін мен 1996 жылы «Целинстрой» ЖШС қамсыздандыру инженері ретінде бастадым. 2002-2004 жыл аралығында «Қарағанды Жылу» ЖШС басшысының орынбасары қызметін атқардым. 2004-2006 жылдары «Қар Мұнай Трейдинг» ЖШС директоры, 2006-2009 жылдары «Қарағанды Су» ЖШС атқарушы директоры лауазымында еңбек еттім. 2009-2010 жылдары «Қаныш Сәтпаев атындағы Канал» АШМ СРК РМК бас директордың орынбасары, 2011-2012 жылдары «Тұлпар-Тальго» БК ЖШС қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметінде болдым. 2012-2014 жылдары аралығында «Арыстан» Building Company» ЖШС директоры болып, 2014 жылдың тамыз айынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры қызметін атқарудамын. Үйленгенмін. Үш баланы тәрбиелеудеміз. Үміткерлікке «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылдым.

Құрметті сайлаушылар, құрметті қарағандылықтар!
Мен Қарағанды қаласы мәслихатының депутаттығына екінші рет ұсынылып отырмын. Қалалық маслихаттың депутаты болу – бұл жоғары жауапкершілік пен артылған сенім. Қалалық мәслихат депутаттығына мен өз күш-жігерім мен мүмкіндіктерімді салмақтап, мұқият ойланып келдім. Отанымыздың игілігі үшін, «Нұр Отан» партиясының мүшесі және тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде өз алдыма Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алдындағы бағдарламасын бірізді іске асыру міндетін қоямын. Қажетті басқарушылық және шаруашылық тәжірибеге ие бола отырып, округымыздың сайлаушыларының маңызды мәселелерінен тыс қала алмаймын.
Егер Сіз маған өзіңіздің қалалық мәслихаттағы депутатыңыз болуға сенім артсаңыз, онда мен келесі мәселелердің шешімін табуға барлық күш-жігерімді жұмсаймын:
1. Бастысы – бұл адамға, оның мүдделеріне және күнделікті мәселелеріне қамқорлық жасауға.
2. Адамзаттық қарым-қатынастардың заңдылық, демократиялық құқықтық тәртіп мәдениеті, халықтың барлық топтары үшін теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаларын қорғауға;
3. Өз сайлаушыларымның өкілі ретінде мен үшін қызметте бюджеттік қаражаттардың ұтымды пайдалану сұрақтарымен айналысуға.
4. Біздің қаламыз өңірдегі ең үдемелі дамушы қалалардың бірі. Мен бізде «шет аймақ» ұғымы болмауы тиіс деп есептеймін. Қала тұрғындары абаттандырылған аудандар мен аулаларда өмір сүріп, дамыған инфрақұрылымға ие болулары тиіс.
5. Қалалық және облыстық мәслихаттардың, әсіресе, әлеуметтік саясат, аумақтарды жайландыру және инженерлік коммуникациялар құрылысы саласындағы шешімдері мен қаулыларының нақты іске асырылуына ықпал етуге;
6. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасап, қолдау көрсетуді өз парызым деп түсінемін. Олардың барлық жүгінулері мұқият қарастырылып, шешімін табатын болады.
Құрметті сайлаушылар! Егер Сіз маған сенім артатын болсаңыздар және мен қалалық мәслихатқа депутаттыққа сайлансам, онда Сіздің маңызды мәселелеріңіздің шешімін табуда көп күш-жігерімді жұмсауға міндеттелемін.

Таңдау Сіздің қолыңызда!

Республикалық бюджет
қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 327
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px