№20 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

№20 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер
Мен, Балкишев Серік Тұрғанбекұлы, 18 қаңтар 1968 жылы Ақмола облысы, Макинск қаласында дүниеге келдім.
1985 ж. СҚО, Щучинск қаласындағы №1 орта мектепті бітірдім.
1986-1988 ж.ж. Кеңес Армиясының қатар­ын­да Отан алдындағы  әскери борышымды өтедім.
Екі жоғары білімім бар, бірі – Целиноград ауыл-шаруашылығы институтының инженер электрик мамандығы болса, ал екіншісі «Тұран» Университетінің қаржыгер-экономист мамандығы.
Еңбек жолымды 1992 жылы электр станция жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарінен бастап, орта буын басшылығында болып,  қалалық коммуналдық мекемелердің басшыларына дейін көтерілдім.
Қазіргі кезде, Қарағанды қаласына жылу беру және таратумен айналысатын «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де бас директор болып қызмет атқарамын.
2010 жылы «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағын иелендім.
2009 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын, ұлым мен қызымды тәрбиелеп отырмын.
Қазақстан жылдан жылға әлеуметтік-экономикалық салада үйлесімге жету жолында барлық жаңа шыңдарды бағындыруын жалғастыруда. Барлығымызда біздің мем­лекетіміздің жеткен жетістіктерін мақтан етеміз, себебі Қазақстанды әлемдік экономикалық үрдіске сай өркендеп қанатын жайып жатқан елдердің қатарынан көргіміз келеді. Жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы біркелкі бейбіт заман болды және Қазақстан осы тұрақты жылдарды экономикалық қарыштап даму үшін өте тиімді пайдалана алды. Алайда бүгінгі күнде ғаламдық тәртіпті тұрақсыздыққа соқтыратын жаңа шындық бой көтеруде.   Сондықтан біздерге өмірдің осы шындығына бейімделуге тура келеді. Өкінішке орай еліміз, экономикалық дамуда және өмір сүру сапасында теңгерімге жетті деп айтуға әлі ертерек. Күнделікті өмірде кездесетін және жайсыздықтарға соқтыратын көптеген проблемалады ұмытпауымыз керек. Атап айтар болсақ бұл баршамызға аян коммуналдық-тұрғын үй жүйесінің шаруашылығындағы толып жатқан ұсақ-түйек мәселелер. Бұл  жайсыз әрі жарықсыз аула, бұзылған жол мен уақытында шығарылмаған қоқыс, тозығы жеткен күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер мен коммуникация.
Мен де біздің қаламыздың тұрғындары секілді жоғарыда аталған проблемаларға күнделікті тап боламын. Өзімнің кандидатурамды ұсына отырып Сіздерге жаһандық өзгерістер жасаймын деп уәде ете алмаймын. Дегенмен депутаттың жұмысында бастысы сайлаушылардың мәселелерін шешу мен тығыз байланыс орнату екеніне сенімдімін. Азаматтардың қалай өмір сүріп жатқанын, нені қалайтынын және неге ұмтылатынын білу қажет білемін.
Құрметті сайлаушылар! Мен әрқашанда ата-анамның бойыма құйып өсірген тәрбиелік қағидаларымен өмір сүремін және солай өмір сүруге ұмтыламын, олар адалдық, әдептілік, жақындарыма көмек қолын созу және жанұяның құндылығы. Мен, Сіздерді тек тыңдап қана қоймай айтқандарыңызды естіп, жүзеге асырамын деген ойдамын. Сіздердің мәселелеріңізді өз құзыретім шеңберінде шешуге тырысатын боламын.  Мен қала мен аудан тұрғындарының өмірін жақсартуға ниеттімін, атап айтқанда: біріншіден энергияберуші мекеменің басшысы ретінде жылудың сапалы және үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге, коммуналдық қызмет көрсету сұрақтары жөнінде зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған азаматтарды қолдауға. Сонымен қатар  азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды жөндеу мен салу бағдарламаларын белсенді жүзеге асыру, албарлар мен көшелерді жарықтандыруға атсалысам.
Болашақты құру – халық еркінде. Біздің сүйікті еліміз – біздің үлкен жауапкершілігіміз, әр азаматтың жауапкершілігі. Өзімнің депутат боламын деген ниетімнің салмағын сезіне отырып, барлығымыздың тағдырымыз шешілетін осы кезеңде болашақта әр қадам сайын  халқымның қалауын орындайтыныма және сіздердің үміттеріңізді ақтайтыныма батыл сенімдімін.
Мен Сіздерді әділеттік үшін және көз­қарастардың ашықтығымен мен айқындығы үшін дауыс беруге шақырамын!
Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 239
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px