№ 23 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Данияр Жұмабекович Қалымбетов - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

№ 23 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Данияр Жұмабекович Қалымбетов
1976 жылғы 15 қантар, Оңтүстік Қазақстан облысы Сары-Ағаш ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ. Білімі – жоғары. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1993-1999 ж.ж., мамандығы: Экономист «Маркетинг және коммерция».
Өзін-өзі ұсынушы.
Еңбек қызметімді 1999-2002 жылдар аралығында Қарағанды қаласының «Экономика және заң» колледжінде экономика пәндерінің оқытушысы ретінде жұмыс жасап, 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде (қоғамдық тамақтандыру саласы) Қарағанды қаласы 13 мөлтек ауданында «АБИБА» және Қазыбек би ауданы Степной-1 2/2  орналасқан «Vogue» мейрамханаларының директоры қызметін атқарамын.

Құрметті сайлаушылар, қадірлі қарағандылықтар!
Қаламыздың мәслихатына депутат болу үшін өзімді ұсыну, аяқ асты қабылданған шешім емес. Мұндай қадамға баруыма бірнеше алғышарттық себептер түрткі болды, ол – халқымның перзенті болуды қалаймын, отансүйгіштік сезімім елімнің ертеңіне бейжай қаратпайды, азаматтық жауапкершілікті бас­шылыққа ала отырып, біздің қоғамдағы оң өзгеріске тек куә болмай егемен еліміздің жарқын болашағына бастайтын қадамдарға атсалысуды тікелей міндетім деп білемін.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың көреген саясатының арқасында ұлы жетістіктерге жеттік, дамыған елдер қатарына қосылдық, экономикамыз индустриялық-инновациялық бағытта өрістеп, халықтың әл-ауқаты жақсарды, бірлік пен ынтымақтықты құндылық ретінде тұтамыз. Өз басым кәсіпкер ретінде шаруамды бастап, ісімді өрге домалатуға мемлекет берген кепілмен кең мүмкіншілікке ие болдым. Ендігі мемлекет жасаған жақсылықтың жемісін бағалай отырып, Елбасымыз жариялаған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға әр азамат қолдау танытып жанашыр болуы тиіс. Халықтың қалаулысы ретінде елдік мәселені шешуге бағытталған маңызды құжаттың жүзеге асуына халықтың мүддесі үшін қызмет жасауға күш-жігерімді саламын.
Құрметті сайлаушылар, егер сіздер мені қалалық мәслихаттың депутаты болуыма сенім артсаңыз, сіздердің өкілдеріңіз ретінде:
= Халықтың әлеуметтік-осал топтарын (мүгедек­терді, зейнеткерлерді, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларды) әлеуметтік қорғау және қолдау жұмысын кеңейтуге;
= Іскерлік белсенділікті ынталандыру, шағын және орта бизнесті қолдау жұмысын жақсартуға;
= Қызмет көрсету саласын дамыту арқылы жұмыс­сыз­дықтың деңгейін төмендетуге ықпал ету үшін;
= Негізсіз бағаны көтеруге жол бермеу үшін депутаттық бақылау жасауға;
= Қала ішіндегі жол жөндеу жұмысының сапасына депутаттық бақылау жасауға;
= Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер жұмысының сапасын арттыру үшін ықпал етуге;
= Аулалардағы спорт алаңдарының санын өсіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасауға;
= Қаламыздың көшелерінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін қызметтің жетілдірілуіне ықпал етуге;
= Аумақтардың инфрақұрылымын жақсартуға, таза­лықты сақтауға және абаттандыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге;
Қаламыздағы халықтың әлеуметтік – тұрмыстық дең­гейін көтеруге бағытталған экономикалық әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, орындалуына ықпал жасауға жұмыс жасаймын.
Сенім артсаңыз, сайлаушылардың алдындағы жауапкершілік жүгін арқалап айтылған сайлауалды басымдықтардың барлық тұстарын орындауға әзірмін.
Сайлауға келіңіздер, таңдауыңызды жасаңыздар!
Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 239
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px