№4 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

№4 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Алтынтөре Жангельдыевич Букеновтың
 САЙЛАУАЛДЫ  БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Букенов Алтынтөре Жангельдыевич, 1974 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдім. «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім. Экономика ғылымдарының кандидатымын.
Ұлтым – қазақ. Үйленгенмін. Екі балам бар.
Жекеменшік мекеме Қарағанды банк колледжінің директоры болып қызмет етемін.
1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің, «Нұр Отан» партиясының  бірнеше Алғыс хаттарымен марапатталдым. Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті қызметкері атағының иегерімін.
Басты мақсатым – «Нұр Отан» партия­сының – «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру.
Біз нұротандықтар, келешекте әр азамат лайықты өмір сүріп, өз балаларының болашағына сеніммен қарап, қабілеттерін жүзеге асыратын, жеке табысқа жету мүмкіндіктеріне қол жеткізе алатын, Қазақстанды бәсекеге қабілетті мықты мемлекеттер қатарына енуге атсалысамыз.
Сондай-ақ, кедейлікті жою, өмір сапасын жоғарылату, тұрақтылық, болашақта қала тұрғындарының лайықты өмір сүруіне әлеуметтік кепілдеме берілген экономикасы гүлденген аймақ қалыптастыру  - бағдарламамның негізі болып табылады.
Егер де маған қолдау жасасаңыздар, бар күш-жігерімді келесі істерді орындауға бағыттаймын:
қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және кедейлікпен күресу бағдарламаларын бекіту және олардың жүзеге асырылуын бақылау;
тұрғындарды электр қуатымен, жылу және суық сумен сапалы қамтамасыз ету, көшелер мен үй аулалары жолдарын күрделі жөндеуден өткізу, жаңа көшелерді жарықпен қамтамасыз ету сияқты сұрақтарды шешу;
қала дамуының жоспарын және бюджеттегі ақшаны тиімді бөлуін бақылау;
азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қала басшылығы тарапынан заңға сәйкес, талап етуді күшейту;
бюджеттік саладағы ұйымдардың қаржылан­дырылуын қамтамасыз ету;
азаматтарды коммуналдық және басқа да қызмет көрсету орындарының бағаларын өсіруінен қорғау, олардың қызмет көрсету сапасы мен баға белгілеу жұмыстарын бақылауды күшейту;
тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұм­салатын бюджеттік қаражатты бақылауды күшейту.

Білім беру
Мұғалім мамандығының абыройын жоғары­латуға, материалдық жағдайын көтеруге, сонымен қатар, мектептердің заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және жөндеу жұмыстарына бюджеттен жеткілікті қаражат берілуіне жағдай жасар едім.
Балалар тамақтануының сапалы және үздіксіз болуын, оның ішінде әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының бастауыш және мектепке дейінгі сыныптарда оқитын оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету;
Жұмысшы мамандығының қолжетімді болуы үшін кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің жабдықталуын күшейту;
Балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау  үшін қосымша білім беруді жетілдіру.
Қылмыстың алдын алу
Қылмысты болдырмау үшін барлық қала тұрғындары бірлесе жұмыс жасауы қажет. Ол үшін келесі іс-шараларды ұсынамын:
Отбасы институтын нығайтуға жағдай жасау;
Оқушылар мен жасөспірімдердің арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін бүкіл қоғамның жауапкершілігін арттыру;
Жастарды еңбекпен қамтамасыз ету;
Жастардың бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізуге әртүрлі әдістер қолдану;
Қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді көбейту.

Денсаулық сақтау
Медициналық мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша экономикалық негізде қаржыландыруын толық көлемде қамтамасыз ету.
Зейнеткерлер мен мүгедектер және басқа да категориядағы қорғауды қажет ететін азаматтарға қосымша тегін медициналық қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуді талап ету;
Емделу мекемелердің материалдық базасын жақсарту және дәрілер мен қазіргі заманға сай құралдармен жабдықтауға жағдай жасау.

Экология және қоршаған
ортаны қорғау
Қалада қоқыспен күрес жүргізу, сауда кәсіпорындарының есебінен қоқыс жәшіктерін орнату және қоғамдық тамақтану жерлерінде (мейрамхана, дәмхана және т.б.) дәретханалардың санын көбейту, кәсіпорын маңайындағы жердің   тазалығын сақтау қа­лалық бағдарламасын қабылдау.
Санкцияланбаған қоқыс үймелерін болдырмау (қатаң түрде айыппұл төлету), кәріз жүйелері мен ағын сулары ағатын арықтарды жаңарту және жаңадан жасау;
Қаланы және  саябақтарды  көгалдандыру бағдарламасы жұмысын жандандыру.
Қала аумағын көркейту,  үй жануарларын ұстау Ережелері мониторингін өткізу және оларды бұзғаны үшін қатаң жазалау.

Экономика
Қаланың  тиімді экономикалық саясаты, яғни, оның даму басымдылық  пен  қойылған мақсаттарға жету жүйесі болуы тиіс.
Менің ойымша:
Жол құрылысы бағдарламасын кем дегенде 3-4 жыл бұрын жоспарлау қажет.
Тиімді инвестициялық жағдайды қалыптастыру және олардың әртүрлі көздерін табуды ынталандыру. Әлеуметтік және пайда әкелетін жобаларға қаражат салу.
Орта және шағын бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыру.

Жас ұрпақ
Жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қолдау жасау.
Бюджеттік мектепке дейінгі мекемелерді  дамыту.
Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге көмек көрсету. Әр бала, жасөспірім, жігіттер мен қыздар өз қабілеттерін үйірмелер, клубтар, спорт секциялары арқылы дамытуына жағдай жасау.
Шағын және орта бизнес саласында жастар кәсіпкерлігін дамыту.

Мәдениет және спорт
Мұражайлар,  мәдени орталықтар, театрлар, балаларға арналған музыкалық және өнер мектептері және басқа да мәдени орталықтарының қайта жасақталуын жалғастыру.
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту.
Балаларға арналған музыкалық және өнер мектептері мен клубтарын барлық азаматтар үшін қолжетімді ету.
Қазақстан Халықтарының ұлтаралық келісімі мен төзімділік, патриотизм идеяларын қолдау.
Жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тарта отырып, «Аула клубтарын» дамытуды қолдау.

Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық, әр қазақстандықтың амандығын басты міндет етіп қойған біздің партиямыздың Көшбасшысын, Еліміздің Президентін қолдаймын!
 Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 242
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px