№7 Ботаникалық сайлау округі бойынша «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Қарағанды облысы Мәслихатының депутаттығына үм - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016


№7 Ботаникалық сайлау округі бойынша «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Қарағанды облысы Мәслихатының депутаттығына үміткер
Серғазы Мыңжасарұлы ӘДЕКЕНОВ
ӨМІРБАЯН

Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов 1956 жылы  Қарағанды облысында дүниеге келген,  биоорганикалық химия, табиғи және физиологиялық белсенді қосылыстар химиясы саласында белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ғылым және техника саласындағы Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
1978 жылы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін  үздік дипломмен бітірді. Оның еңбек жолы тікелей Қарағандымен байланысты. Ол Химия-металлургия институтында, кейіннен Органикалық синтез және көмір химиясы институтында  қызмет  атқарған.  Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталықтарының бірі болып табылатын «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің басқарма төрағасы.
Отандық, қатерлі ісікке қарсы “Арглабин” препаратының және республикамыздың  медициналық мекемелерінде кеңінен қолдан­ылып  жүрген басқа да бірқатар бірегей  дәрілік препараттардың авторы, фармацевтикалық өндірістің ұйымдастырушысы.
«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өн­дірістік холдингінің негізінде оның тікелей басшылығымен  Қарағанды фармацевтикалық зауыты салынып, пайдалануға берілді, Рес­­публикалық фармацевтикалық  кластер  құрылды және Биологиялық белсенді қо­сы­лыс­­тардың Республикалық банкі ұйым­дастырылды.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін С.М.Әде­кенов «Құрмет» орденімен (2006ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2001ж.) марапатталды. Ғылым мен техника саласы бойынша ҚР Мемлекеттік  сыйлығы (2007ж.), «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2015ж.)  берілді.     
        Үйленген, төрт баласы  бар.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
 ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында қызмет істеп, тұрғыны болып отырған маған Ботаника сайлау округы бойынша туындайтын мәселелердің барысы жақсы таныс.  Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты бола отырып, мен Сіздермен үнемі кездесіп, өздеріңізбен бірге мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдағанмын.
Менің бағдарым мен өмірлік қағидаларым өзгеріссіз қалды: АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН БАРЛЫҒЫН ЖАСАУ!!!

Сайлауалды бағдарламамның негізгі ұстанымдары:
– халыққа медициналық көмектің қол­жетімділігі мен сапасын арттыру. Әйелдер мен балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы, жағдайы төмен отбасылар жоғары сапалы медициналық көмекпен, бағасы жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтылуы тиіс. Арзан, қолжетімді, тиімді дәрілерді шығаруды ұйымдастыру;
– балалар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, ардагер мен мүгедектерді, яғни тұрғындарды белсенді және жүйелі түрде әлеуметтік қорғау;
– өмір сүру жағдайларын түбегейлі жақсарту шараларын жасап, жүзеге асыруға және үйлерді жылу, су, газ және электр энергиясымен сапалы қамтамасыз етуге қатысу;
– ұстаз дәрежесін заң жүзінде көтеру, әрбір орта білім беру мекемесінде заманауи жағдайлар жасау, оларды жаңа оқу кабинеттерімен жабдықтау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқушылардың тиімді жазғы демалысын ұйымдастыру;
– білім беру және тұрғын үй мәселелерін шешу, жұмысқа орналастыру сияқты жастар буынының ең күрделі мәселелерін шеше алатын жүйелі жастар саясатын іс жүзінде жүзеге асыру;
– балалардың мектепке дейінгі мекеме­лерінің жүйесін ұлғайтуға, мектептердің материалды-техникалық базасын нығай­туға, балалар ойнайтын алаңдар мен аулаларды жақсартуға ат салысу.

Қымбатты жерлестер!
Осы жылдар бойы, облыстық Мәслихат­­тың депутаты бола отырып, мен Сіздердің қолдауларыңызды сездім, біз ниеттестер командасы болып қала береміз, себебі, біздің мақсатымыз бір: өмірімізді жақсартып, сенімді, әрі қызықтырақ ету, кемел келешегімізді өзіміз, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жарқын болашақпен қамтамасыз ету!
Бүгінде бірлескен жемісті еңбек, зият­керлік әлеуетті пайдалану үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жинақталған тәжірибе де мол.
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдау­ларыңызға үміт артамын!

Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 217
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px